«Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында аудандық ұйғыр этномәдени орталығымен бірлесіп, Шонжы ауылындағы орталық саябақта тазалық жұмыстары жүргізілді. Тазалау жұмыстары барысында саябақ аумағы қоқыстан тазартылып, ағаштардың түбі ретке келтіріліп, жалпы абаттандыру шаралары жүзеге асырылды.
🔹Аталған іс-шараның басты мақсаты – қоршаған ортаның тазалығын сақтау, табиғатқа жанашырлықпен қарау мәдениетін қалыптастыру және тұрғындарды экологиялық бастамаларға белсенді қатысуға шақыру.
🌱Таза әрі көрікті қоршаған орта – әрбір азаматтың ортақ міндеті мен жауапкершілігінің нәтижесі. Осындай игі бастамалар алдағы уақытта да өз жалғасын тауып, туған өлкеміздің көркеюіне үлес қоса береді.
