Жаңа Конституция – ел өміріндегі маңызды құжаттардың бірі. Ол мемлекеттің даму бағытын айқындап, қоғамдағы тәртіп пен тұрақтылықтың сақталуына негіз болады. Конституция арқылы әр азаматтың құқығы қорғалып, заң алдында бәрінің тең екені айқындалады.
Бұл құжат мемлекет пен халық арасындағы сенімге негізделген қатынасты нығайтуға ықпал етеді. Әр адам өз құқығын біліп, өз міндетін түсінген кезде ғана қоғамда әділдік пен жауапкершілік қалыптасады. Сондықтан Конституцияның маңызы тек заңдық тұрғыда ғана емес, азаматтық сана тұрғысынан да ерекше.
Еліміздің болашағы – бірлік пен ортақ жауапкершілікке байланысты. Осындай маңызды құжаттың қабылдануы қоғамның алға қарай сеніммен қадам басуына жол ашады
Османов Арлен Сеналұлы «Ұйғыр аудандық ұйғыр этномәдени орталық» ҚБ-нің төрағасы
