Басты бет Ақпарат ағыны Егер Сіз мемлекеттік қызметші болғыңыз келсе…

Егер Сіз мемлекеттік қызметші болғыңыз келсе…

0
1,681

 

Егер Сіз мемлекеттік қызметші болғыңыз келсе, «Жетісу» мемлекеттік қызмет мектебіне түсіңіз!

Мектепті аяқтағаннан кейін сіз Мемлекеттік қызметтің не екенін, мемлекеттік органдар қалай жұмыс істейтінін, мемлекеттік қызметшілерге қойылатын талаптар мен шектеулер туралы білесіз.

Сізге мемлекеттік басқару туралы теориялық білім ғана емес, сонымен қатар облыстың мемлекеттік органдарында тәжірибеден өтіп, өзін мемлекеттік қызметші ретінде сезінуге мүмкіндігі беріледі.

Сабақтар ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Алматы облысы бойынша филиалының ғимаратында, Талдықорған қаласы, Ақсу көшесі, 2А мекен-жайы бойынша өтеді, аталған ғимарат сапалы және тиімді сабақтарды өткізу үшін барлық қажеттіліктермен жабдықталған.

«Жетісу» мектебінің оқытушылар құрамы Академия филиалының үздік оқытушылары мен лекторларынан тұрады.

Сонымен қатар, тәжірибе алмасу үшін «Жетісу» мемлекеттік қызмет мектебіне жұмыс істеп жүрген мемлекеттік қызметшілер, облыстың мемлекеттік органдарының басшылары тартылады.

Естеріңізге сала кетейік, оқыту ақысыз, негізгі сабақтардан үзіліссіз өтеді!

Үміткерлерге қойылатын талаптар:

  1. Алматы облысының жоғары оқу орындары мен орта арнаулы оқу орындарының соңғы курс студенті болу.
  2. Мемлекеттік қызметші болуға ынта білдіру!

Қажетті құжаттар тізімі:

  1. Нысан бойынша өтініш;
  2. Жеке куәлік көшірмесі;
  3. Білім беру ұйымынан анықтама.

1 лек бойынша құжаттар 2022 жылдың 10 ақпанынан 16 ақпанына дейін қабылданады.

Құжаттарды электрондық поштаға жіберу қажет: a.nasimbaev@kyzmet.gov.kz, dgsipk@mail.ru, қолма-қол, пошта арқылы мына мекен-жай бойынша: Талдықорған қаласы, Н.Назарбаев даңғылы, 75.

 Қосымша ақпаратты 8 7282 241161, 241323 телефондары арқылы алуға болады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы облысындағы «Шынасыл-Сай» кен орнының ашылғанына ғасырға жуықтады

Жерінің асты мен үсті пайдалы қазбаларға бай елімізде жер асты жұмыстары жүйелі жүргізілед…