Ауыл шаруашылығы – ел экономикасының маңызды салаларының бірі. Әсіресе мал шаруашылығын дамыту, отандық өнім көлемін арттыру және ауылдағы кәсіпкерлікті қолдау – ауылдық елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін нығайтудың негізгі бағыттарының қатарында. Тасқарасу ауылдық округінде осы бағытта жүйелі жұмыс жүргізіп келе жатқан шаруашылықтардың бірі – «Билал.Р» шаруа қожалығы. Шаруашылық екі жылдан бері сүт бағытындағы мал шаруашылығын дамытып, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруге үлес қосып келеді. Қазіргі таңда фермада Голштейн тұқымды 40 бас сауын сиыр күтіледі. Шаруашылықтың өндірістік қуаты тәулігіне шамамен 1 тонна сүт өндіруге мүмкіндік беріп отыр. Бұл – мал басын күтіп-баптау, жем-шөп базасын қалыптастыру және өндіріс процесін тиімді ұйымдастыру бағытындағы еңбектің нәтижесі. Шаруашылыққа барған жұмыс барысында мал шаруашылығын одан әрі дамыту, өндіріс көлемін ұлғайту және сүтті қайта өңдеу бағытын жолға қою мүмкіндіктері қарастырылды. Сонымен қатар мемлекеттік қолдау тетіктері мен қолданыстағы бағдарламалар арқылы шаруашылықты кеңейту мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сүтті қайта өңдеу ісін дамыту шаруашылық үшін жаңа мүмкіндік ашып, өндірілген өнімнің қосымша құнын арттыруға жол береді. Бұл бағытта өндірістік базаны жетілдіру, мал басын көбейту және сүт өнімдерінің түрлерін кеңейту алдағы кезеңдегі негізгі міндеттердің бірі ретінде қарастырылып отыр. «Билал.Р» шаруа қожалығының алдағы уақытта өндіріс көлемін арттыруды жоспарлауы – ауылдағы кәсіпкерліктің дамуына оң ықпал ететін бастамалардың бірі. Шаруашылықтың өндірістік әлеуетін кезең-кезеңімен арттыру арқылы жергілікті жерде сапалы ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру көлемін көбейтуге мүмкіндік бар. Ауылдағы әрбір нәтижелі шаруашылық – елді мекеннің экономикалық әлеуетін көтеретін маңызды күш. Сондықтан мал шаруашылығын дамытуға бағытталған мұндай бастамаларды қолдау ауыл шаруашылығы саласының тұрақты дамуына өз септігін тигізері сөзсіз.
-
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Алматы облысы бойынша филиалының директоры Бекжунусов Ермек Құралбекұлымен сұхбат
Алматы облысында мемлекеттік қызметтердің 71 пайызы электронды форматта көрсетілді Ағымд… -
Что изменилось в образовании за 7 лет?
Зарплаты учителей выросли, а нагрузка снизилась. Усилилась социальная поддержка педагогов.… -
Білім беру саласында соңғы 7 жылда не өзгерді?
Мұғалімдердің еңбекақысы өсті, жүктемесі азайды. Педагогтерге берілетін әлеуметтік қолдау … -
Министр ИИ ОАЭ отметил Astana AI Film Festival как пример возможностей искусственного интеллекта
Государственный министр ОАЭ по искусственному интеллекту Омар Аль Олама упомянул казахстан…
БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР
Бейбітшілік пен келісім – ақсақал тағылымы
Ұйғыр ауданында қоғамдық келісімді нығайту, ел бірлігі мен татулықты дәріптеу бағытында ағ…
