Алматы облысында 2024 жылы 1470 алаяқтық дерегі тіркелсе, 2025 жылы олардың саны 1711-ге жеткен. Осылайша, алаяқтық қылмыстар 16,4 пайызға өскен. Алайда, Алматы облысында интернет-алаяқтық қылмыстарының саны айтарлықтай төмендеген. Егер 2024 жылы өңірде 75 интернет-алаяқтық дерегі тіркелсе, 2025 жылы бұл көрсеткіш 35-ке дейін қысқарған. Бұл жүргізіліп жатқан алдын алу шараларының оң нәтижесін көрсетеді.
Бұл мәліметтерді Алматы облысы Полиция департаментінің Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі Әлібек Керім баспасөз мәслихатында хабарлады.
Спикердің айтуынша, соңғы жылдары тұрғындардың киберқауіпсіздікке қатысты сауаттылығы біртіндеп артып келеді. Дегенмен, алаяқтар қолданатын тәсілдер әлі де өзектілігін жоғалтпаған. Ең жиі кездесетін әдістердің қатарында sms-код сұрату, жалған инвестициялық жобалар арқылы табыс уәде ету, шын мәнінде жұмыс істемейтін интернет-дүкендер, сондай-ақ делдалдық сипаттағы «дроперлік» схемалар бар.
ҚР Ішкі істер министрлігінің тапсырмасына сәйкес, Алматы облысында алаяқтықтың алдын алу бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде. Полиция қызметкерлері тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын күшейтіп, ескерту сипатындағы бейнематериалдарды тұрақты түрде жариялап келеді.
– Жүргізілген алдын алу шараларының нәтижесінде 2025 жылы интернет-алаяқтыққа қатысты 39 миллион 680 мың теңге күдікті есепшоттардан уақытылы бұғатталды. Оның ішінде 18 миллион 269 мың теңге зардап шеккен азаматтарға кері қайтарылды. Сонымен қатар, 3750 жалған сайттың қызметі тоқтатылды, – деді Әлібек Керім.
Айта кету керек, қылмыстарды ашу көрсеткіші де өсім көрсетіп отыр. 2024 жылы бұл көрсеткіш 9,3 пайызды құраса, 2025 жылы 11,8 пайызға жеткен.
Мамандар тұрғындарды жеке деректерін бөгде адамдарға бермеуге, күмәнді сілтемелерге өтпеуге және кез келген қаржылық ұсыныстарға сын көзбен қарауға шақырады.
-
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Алматы облысы бойынша филиалының директоры Бекжунусов Ермек Құралбекұлымен сұхбат
Алматы облысында мемлекеттік қызметтердің 71 пайызы электронды форматта көрсетілді Ағымд… -
Орталық сайлау комиссиясы Құрылтай сайлауын ұйымдастыру кезінде мүмкіндігі шектеулі азаматтардың дауыс беруіне ерекше көңіл бөліп отыр.
#Құрылтай #Сайлау2026 #23тамыз #Қазақстан #Парламент #Құрылтай2026 #СаясиРеформа #Сайлау #… -
Дауыс беру – әр азаматтың маңызды құқығы. Сайлау арқылы халық елдің болашағына ықпал етіп, өз таңдауын жасайды.
#Құрылтай #Сайлау2026 #23тамыз #Қазақстан #Парламент #Құрылтай2026 #СаясиРеформа #Сайлау #… -
Қазақстанда ресми тіркелген жеті саяси партияның барлығы Құрылтай депутаттығына кандидаттар тізімін Орталық сайлау комиссиясына ұсынды. Жалпы сайлау қорытындысы бойынша Құрылтайға 145 депутат сайланады.
#Құрылтай #Сайлау2026 #23тамыз #Қазақстан #Парламент #Құрылтай2026 #СаясиРеформа #Сайлау #…
БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР
«Донат» үшін ойдан құрастырылған оқиға бас бостандығынан айыру жазасымен аяқталды.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Threads әлеуметтік желісінде заңсыз қаржы жи…
