
2024 жылғы 2 қыркүйекте Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған «Әділетті Қазақстан: құқықтық тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауын тыңдадым. Маған бұл Жолдаудың прагматикалық әрі нақты стилі ерекше ұнады. Президент барша қазақстандықтарды толғандыратын өзекті мәселелерді қозғап, елдің болашағына бағытталған айқын мақсаттар мен нақты шешімдер ұсынды. Әсіресе, мемлекеттік саясатты, экономиканы және әлеуметтік саланы дамытуға баса назар аударылғаны көңілге қонымды. Бұл міндеттерді жүзеге асыру үшін әрбіріміздің атсалысуымыз қажет деп ойлаймын. Мені осының бәрі шынайы оптимизммен шабыттандырды.
Ұйғыр ауданының бас жігітбасы
Арипов Нурмахамет Вахидинович