Алматы облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес белсенді түрде жүргізілуде.
Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы Болат Серікпайұлы баяндады.
Өңірдегі жемқорлыққа қарсы басты құралдардың бірі – сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасы. Бұл карта тұрғындар көтерген маңызды мәселелерді жүйелеп, шешімін табуға бағытталған. Биылдың өзінде карта негізінде енгізілген 83 ұсыныстың 59-ы орындалып, оң нәтижелер берді.
Спикердің айтуынша,коррупцияға қарсы жұмыстардың маңызды бөлігі ретінде волонтерлік жобалар іске асырылуда. Бұл жоба аясында белсенді азаматтар заңсыздықтарды анықтап, оларды шешу жолында үлкен жұмыс атқаруда. Мәселен, Шонжы ауылдық округінде заңсыз берілген жер учаскесі мемлекетке қайтарылды. Ал әлеуметтік желілерде жарияланған ақпарат негізінде аурухана дәрігерінің пара алу фактісі әшкереленіп, қылмыстық іс қозғалды.
“Қоғам белсенділерінің бақылауы әлеуметтік маңызды нысандардың құрылысын аяқтауға да ықпал етті. Жамбыл ауылындағы Мәдениет үйінің құрылысы қараша айында толық аяқталып,пайдалануға берілді”,-деді Болат Серікпайұлы.
Бұдан бөлек,бизнеске қолдау көрсету де департаменттің басты міндеттерінің бірі. «Бизнеске жол» жобасы аясында кәсіпкерлерге түрлі кедергілерді еңсеруге көмек көрсетілуде. Іле ауданында кәсіпкерге 3 млрд теңгеге сауда орталығын салу үшін құжаттарын рәсімдеуге кедергілер жасалғаны анықталып, мәселе оң шешілді.
-
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Алматы облысы бойынша филиалының директоры Бекжунусов Ермек Құралбекұлымен сұхбат
Алматы облысында мемлекеттік қызметтердің 71 пайызы электронды форматта көрсетілді Ағымд… -
Балалардың игілігі – мемлекеттің басым міндеті: Қазақстан халқының үштен бірін балалар құрайды
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес елімізде балалардың құқығын қорғау бойынша ауқымды… -
Алматы облысында 223 заңсыз қоқыс үйіндісі анықталды
2024 жылы экологиялық 129 тексеру жүргізілген. Нәтижесінде табиғатты пайдалануда 300 заң б… -
Жолаушы көлігі бойынша Анықтама
Облыс бойынша 266 елді мекен қоғамдық көлікпен қамтамасыз етілуге жатады, оның ішінде 223 …
БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР
Алматы облысында 223 заңсыз қоқыс үйіндісі анықталды
2024 жылы экологиялық 129 тексеру жүргізілген. Нәтижесінде табиғатты пайдалануда 300 заң б…