Басты бет Саясат «AMANAT»партиясы Ұйғыраудандық филиалының төрағасы, аудандық мәслихат депутаты Нұрсұлтан Болатұлы атқарған жұмыстары туралы есеп берді

«AMANAT»партиясы Ұйғыраудандық филиалының төрағасы, аудандық мәслихат депутаты Нұрсұлтан Болатұлы атқарған жұмыстары туралы есеп берді

0
64

 

«AMANAT» партиясы Ұйғыр аудандық филиалының төрағасы, аудандық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі Нұрсұлтан Болатұлы  БАҚ өкілдеріне атқарған жұмыстары жөнінде брифинг өткізді.

 Өз кезегінде партия төрағасы брифингтің негізгі мақсатына тоқталып, фракция мүшелерінің алдында тұрған маңызды міндеттердің бірі сайлауалды бағдарламаның орындалу барысына тоқталды.

 Аудандағы Тасқарасу, Бахар, Шарын ауылдарындағы газ құбырларын жүргізу жұмыстары 2023 жылдан басталып 2024 жылдың тамыз айында толық бітті. Бүгінгі күнде мердігер «Ремстрой» ЖШС нысанның толық жұмыстарын аяқтады.

 Ауылдың жағдайын жақсарту – тұрғындардың өмір сапасын арттырудың негізгі жолы. Бұл бірнеше бағытты қамтиды. Инфрақұрылымды дамыту: Жолдар, су және электрмен қамтамасыз ету, көше жарықтандыруы – ауыл тұрғындарының күнделікті өмірін жеңілдетеді. Жақсы инфрақұрылым экономикалық белсенділікті арттырады.   Ауылдың жағдайын жақсарту – тек инфрақұрылымды дамыту емес, сонымен қатар тұрғындардың әлеуметтік, экономикалық және экологиялық әл-ауқатын арттыру. Бұл халықтың өмір сүру сапасын жақсарту үшін маңызды қадам.

Сондай-ақ, Шонжы ауылындағы 7,7 шақырым көше жолдарына орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге «Жетысу Жол Құрылыс» ЖШС-мен келісім шарт жасалынып, 2023 жылы ұзындығы 2,4 шақырым Бесарыс,Хантау және Ақжар көшелерінің асфальттары төселінеген. Ал ағымдағы 2024 жылдың ұзындығы 5,3 шақырым А.Арзиев көшесінің асфальттау жұмыстары жүргізіліп, тамыз айының соңында толығымен аяқталған.

Сонымен қатар биылғы жылы Дардамты және Сұңқар  ауылдық округтеріне  өңірлерді дамыту бағдарламасы бойынша Дардамты ауылының Гагарин, Жамбыл көшелеріне 50 жарық шамдары, Сұңқар ауылының  Райымбек, Әлдешбаев, Әуезов, Даулетбеков көшелеріне жалпы 135 дана  жарық шамдары орнатылып  8 млн 313 мың ақша жұмсалып, мердігер «Ақсу и СР» жұмыстарын толық аяқтады.

Ауылдың жағдайын жақсарту аясында, қазіргі уақытта аудандағы шалғай елді –мекендерде фельдшерлік – акушерлік пунктердің жоқтығы халықтың бірден-бір сұраныстарының бірі болып табылады. Аталған мәселені ескере отырып сайлауалды бағдарламаның орныдалуында көрсетілгендей Тасқарасу  ауылдық округінің фельдшерлік пункті  2024 жылдың баасында қолданысқа берілді.

 Аудандық партия филиалының төрағасы қоғамдық қабылдау жұмыстары барысында оң шешімін тапқан мәселелерге тоқталып, сондай-ақ жергілікті тұрғындардан келіп түскен талап-тілектердің орындалуы жайында айтып берді.

Айта кету керек, «AMANAT» партиясының Ұйғыр аудандық  филиалы 2023-2027 жылдарға арналған Сайлауалды бағдарламасының 2024 жылға жоспарланған 32 іс-шарасының 19-толық орындалды, 13- орындалу барысында.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

«Квазимемлекеттік сектор субъектілерін құру» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Мемлекет басшысының «Экономиканы ырықтандыру жөніндегі шаралар туралы» 2024 жылғы 8 мамырд…