Басты бет Жолдау ҒЫЛЫМҒА СҮЙЕНГЕН ҰЛТ ҚАНА ОЗАДЫ

ҒЫЛЫМҒА СҮЙЕНГЕН ҰЛТ ҚАНА ОЗАДЫ

0
155

Бүгінгі заманда білім мен ғылым – мемлекеттің ең қуатты қаруы. Президент Қасым-Жомарт  Тоқаевтың биылғы Жолдауында айтылған «білім экономикасына көшу» бастамасы – жай ғана ұран емес, елдің болашақ бағытын айқындайтын тарихи міндет.

Әлемдік өркениетке қарасақ, дамыған мемлекеттердің барлығы ғылымға иек артқанын көреміз.  Жаңа технологияны игерген, жасанды интеллектіні дамытқан елдер ғана көш бастады.  Қазақстан да осы бәсекеде өз орнын табуы тиіс.  Алайда Президент атап өткендей, бізде ғылымға бөлінген қаржының қайтарымы әлі де көңіл көншітпейді: жаңа патенттер аз, өндірісте іске асырылған жобалар жеткіліксіз. Бұл – ойланарлық жағдай.

Мемлекет басшысы осы олқылықтың орнын толтыру үшін ғылым мен инновацияны басқаруда тың қадам жасау қажеттігін айтты. Инновациялық саясатты Ғылым және жоғары білім министрлігінің құзырына беру – ғылыми әлеуетті бір орталыққа шоғырландырып, зерттеу институттары мен жоғары оқу орындарының арасындағы байланысты күшейтпек. Егер ғылым, білім және өндіріс арасындағы көпір дұрыс қаланса, ел дамуы да жаңа серпін алады.

Жолдауда айтылған тағы бір маңызды тұс – жасанды интеллектіні кеңінен қолданатын университеттерге дербестік беру. Бұл – ғылыми еркіндікке жол ашатын батыл шешім. Дербес университеттер тың жобаларды жүзеге асырып, әлемдік деңгейде бәсекеге қабілетті бола алады. Ал жасанды интеллект – ғылымды жеделдетіп, оның тиімділігін еселейтін қуатты құрал.

Білім экономикасына көшу – болашақты бүгіннен бастап даярлау деген сөз. Бұл – қағазда ғана жазылатын жоспар емес, Қазақстанды жаңа дәуірге бастайтын стратегиялық бағдар. Ғылым мен инновацияға ден қойған ел ғана жаһандық өзгерістерге төтеп беріп, алдыңғы қатарға шығары анық.

Президент Тоқаевтың Жолдауда көтерген бастамалары – еліміздің ғылымын жаңа сапалық деңгейге көтеруге бағытталған нақты қадамдар. Ендігі міндет – сол идеяларды жүйелі жүзеге асырып,  ғылымды өндірістің қозғаушы күшіне айналдыру. Өйткені ғылымға сүйенген ұлт қана уақыт көшінен қалмай, озық елдер қатарына қосылады.

Гүлбақыт ЖАНҒАЗИЕВА,

Абай атындағы мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

ЖАҢАШЫЛДЫҚ БАСЫМ БОЛДЫ

         Жылына бір рет  берілетін Жолдаудан жаңалық, жақсылық күтетін әдетіміз бар. Арғы …