Абай – біздің жүрегімізде… Абай – біздің ой-санамызда… Абай жырымен әрбір көзі ашық, көкірегі ояу қазақ ұлы дүниенің есігін ашады. Абай жыры өзінің сахарадай кең мінезімен, ерекше жаратылысымен бізді «үйренуге», «жиренуге» үйретеді, жаман мен жақсының арасын анықтайтын критерийлерді тануға, бағалауға бағыттайды. Абай өлеңдері – өміртануға көмектесетін ойдың, парасаттың дәрісі. Бұл – кез келген буын өкілінің жанына терең бойлайтын мәңгілік дүниенің …