Басты бет Мәдениет және руханият МӘДЕНИЕТ – МӘРТЕБЕЛІ МАМАНДЫҚ

МӘДЕНИЕТ – МӘРТЕБЕЛІ МАМАНДЫҚ

0
558

Соңғы он жыл ішінде мамырдың 21 жұлдызында мәдениет және өнер қызметкерлерінің күнін атап өтуіді жақсы бір үрдіске айналдырдық. Атаулы мерекелердің қатарына еніп үлгерген бұл күн еліміздің барлық өңіріндегі мәдениет саласында тер төгіп жүрген шығармашылық және өнер адамдарының еткен еселі еңбектерін елеусіз қалдырмау үшін күнтізбеге ерекше болып белгіленді. Біздің ауданның мәдени айнасын жарқыратып, өнер мен шығармашылық жолындағы осы киелі өлкенің мәдени құндылықтарын тек биікте ұстап жүрген барша ауданымыздың мәдениет қызметкерлері де дәл осы күні өздерінің төл мерекелерін тойлап келеді. Ағымдағы жылы аталмыш мереке аудан көлемінде ерекше бір бағытта аталып өтілді. Аудан әкімдігі мен аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің ұйымдастырумен ауданның барша мәдениет қызметкерлер құттықтау және марапаттау шарасы өткізілді.

Алғашқы сөз кезегін аудан басшысы алып, ауданымыздың барлық мәдени шаралары кітапханашылар мен өнерпаздар және театр әртістерінсіз өтпейтіндігін айтып, осы ауданның рухани қазығы мәдениет саласы екендігін ерекше атап, барша мәдениет қызметкерлерін айтулы мерекемен шын жүректен құттықтады. Құттықтаудан кейін бірқатар мәдениет саласында еңбек етіп жүрген еден жуушы мен күзетшіден бастап сахнада жүрген өнерпаздар мен кітапханашылар марапатталды. С. Мошанұлы атындағы Кетпен ауылдық мәдениет үйінің директоры Сахидям Марипқызы мен Сүмбе ауылдық клубының меңгерушісі Рысбек Батырханов құрметті демалысқа шығуына байланысты иықтарына шапан жауып, жылы лебізбен шығарып салды. Аудандық кітапхананың директоры Турсунова Аида мереке қарсаңында Елордадан мәдениет министрі А. Ораловтан арнайы марапат алып келгендігі де баршамызға ақжолтай жаңалық болды. Шараға арнайы шақырылған «АМАНАТ» партиясы аудандық филиалының төрағасы Нұров Мәулен Мұқажанұлы, аудандық маслихат төрағасы Нұрәкім Есенбайұлы, аудандық ардагерлер ұйымының төрағасы Ербол Нұрсеитов, «Ұрпақ парызы» қоғамдық бірлестігінің және аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Жәнет Сәдіұлы Керімқұлов аудандық ұйғыр этно-мәдени орталығының төрағасы Арлен Сеналұлы Османов арнайы сөз алып, мәдениет майталмандарын құттықтап, өздерімен бірге алып келген марапаттарын ұсынды.

Азаттықтың арайлы таңынан бастап елдің санасын сілкінтуге бағытталған батыл бастамалар мен мазмұнды бағдарламалардың байыппен іске асуына ақын-жазушы, кітапханашы, әртіс пен архив, музей, өнер ошағындағы өзге де мамандар қосқан үлесі өлшеусіз.

 Толғанай ҚАЙРАТҚЫЗЫ

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

ДАРАБОЗ ДАРЫН ИЕСІ

Ілияс Жансүгіровтың аты аталса дара шауып, құйындап келе жатқан Құлагер көз алдымызға келе…