Басты бет Сайлау 2022 Тоқаевты қолдаймыз

Тоқаевты қолдаймыз

0
738

Қазақстанда кезектен тыс Президент сайлауына алты кандидат тіркелді. ОСК бірінші болып елдің қазіргі Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты тіркеді. Оны халықтық коалиция ұсынды, сондай-ақ оның кандидатурасын «Amanat», «Ақ жол» және Қазақстан халық партиялары қолдады. Алдағы сайлауды өткізуге белсенді топ жұмысын бастап кетті. Алғашқылар қатарында Аманат партиясы ұсынған кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын қолдаған штаб құрылды ауданда. Оның мүшелері әр елді мекендерге барып, жаңа Қазақстанды өзіміздің бүгінгі Президентімізбен бірге құрайық деген ұстаныммен Шарын ауылына бет бұрды.

Аудандық қоғамдық штаб мүшесі Бибігүл Абдилова мен А.Алимпиева Шарын ауылдық округінің сайлаушыларымен кездесіп қайтты. Онда Қасым-Жомарт Тоқаевтың  сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, еліміздегі оң өзгерістер мен тың бастамаларға байланысты біраз өзгерістерді нақты дәйектермен әңгімелеп берді. Әрине ауыл тұрғындарының көкейінде сұрақтар көп. Оның бәрін бірден атқарып тастау да оңай емес. Дегенмен кәсіби дипломат, білікті саясаткер, білімді азамат ретінде басқа кандидаттарға қарағанда Қасым-Жомарт Кемелұлының беделі де абыройы асқақтап тұрғандығына ешкім шүбә келтіре алмайды. Штаб мүшелері де осындай ойларын ауыл тұрғындарына жеткізіп, алдағы сайлауда Қасым-Жомарт Тоқаевқа дауыс беруге шақырды.

Шарын ауылының халқы тіршілікке епті, шаруақор жандар. Олар да өз тарапынан бұл сайлауға белсенді қатысып, өз Президенттеріне бір кісідей дауыс беретіндіктеріне сендірді.

ӨЗ ТІЛШІМІЗ

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев «Киелі мекен» акциясын бастады

Облыстағы аталған бағыт аясында Жамбыл ауданындағы «Жамбыл Жабаев» мұражайы, «Таңбалы» қор…