Басты бет Ақпарат ағыны Құқық қорғау механизмі күшейтіледі

Құқық қорғау механизмі күшейтіледі

0
65

Конституциялық комиссияның екінші отырысында Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі ұсыныстарды кезең-кезеңмен талқылау басталды. Ұсынылған өзгертулер конституциялық құрылымның негіздерін нақтылау және нығайтуға, нормалардың құқықтық анықтығын арттыруға, сондай-ақ құқық қорғау механизмдерін күшейтуге бағытталғаны айтылды. Арнайы назар Преамбуланың мән-мағынасына және қазіргі әлеуметтік үрдістерді ескере отырып, конституциялық нормаларды жаңарту қажеттілігіне аударылды. «Конституцияның Преамбуласы — бұл тек кіріспе емес, Негізгі заңның идеялық-моральдық өзегі, мақсатты айқындайтын және мемлекеттің даму бағытын белгілейтін негізгі бағдар», — деді баяндама жасаған Снежанна Имашева.

Одан кейінгі талқылау Конституцияның I және II бөлімдеріндегі нормаларға қатысты болды, соның ішінде құқықтық және зайырлы мемлекет принциптерін бекіту, адам қадір-құқығын, өмір сүру құқығын, жеке еркіндік пен тұлғаның қауіпсіздігін қорғау, сондай-ақ жеке өмір мен жеке деректерді қорғау мәселелері қаралды. Сонымен қатар конституциялық принциптердің нормативтік мәртебесін күшейту және олардың практикалық қолданылуын қамтамасыз ету жөніндегі ұсыныстар талқыланды. Адамның қадірін, оның қоғамдағы ең басты құндылық екендігін дәлелдейтін мәселелер қызу талқыға түсті. «Ұсынылып отырған өзгерістер конституциялық нормалардың қолданылу тиімділігін арттыруға және олардың түсіндірілуіне біртұтас тәсіл қалыптастыруға бағытталған», — деп айтылды отырыс барысында.

Сонымен қатар, адами капиталды, білім беруді, ғылым мен мәдениетті дамыту, әлеуметтік кепілдіктерді күшейту, қоршаған ортаны қорғау және отбасының құқықтарын сақтау сияқты бастамалар қаралды. Ұсыныстарды қарау кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын болады және Конституциялық комиссияның келесі отырыстарында жалғасады.

Альбина БЕКЖАНОВА,

Шонжы ауылының тұрғыны

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

Қауіпті өндірістік нысандарға қойылатын талаптар күшейтіледі

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасында өнеркәсіптік және газ қауіпсіздігі…