Басты бет Ақпарат ағыны Айлардың сұлтаны – Рамазан айы басталды

Айлардың сұлтаны – Рамазан айы басталды

0
5,677

Бүгін Ислам әлемі үшін қасиетті, берекеге толы, он екі айдың сұлтаны саналатын Рамазан айы басталды.

 Биыл Рамазан айындағы ораза 29 күнге жалғасып, 26 маусым күні Ораза айтымен ұласады. Он екі айдың сұлтаны саналатын Рамазан айының ерекшелігі — бұл ауыз бекітетін, жалпыға ортақ ізгі амалдар жүзеге асатын кез, яғни бұл айда игі мұсылман қауымының бес парызының бірі — ораза ұстау басталады. Жалпы «ораза» сөзінің мағынасы — бір нәрседен алыстау, белгілі бір уақыт аралығында ішіп-жеуден, нәпсі қалауларынан тыйылу дегенді білдіреді. Ал оразаның парызы — ішіп-жеу мен құмарлық сезімдерден сақтану. Бұл айда өзін мұсылман санайтын әрбір азамат Рамазан айын құрметтеп, тыйымдардан сақтанады. Ораза тұтып, ғайбат жасамаған, жалған сөйлемеген, ешкімді ренжітпеген, арам әрекеттенген сақтанған адам Рамазан айын құрметтеген болып саналады. Яғни Рамазан айын құрметтеген адам Алла Тағаланы құрметтеген болады.

 Baq.kz

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

Ұлы Абай өлкесіндегі ашық әңгіме: Ерлан Қарин Мемлекет басшысы неге Тәуелсіздік пен Егемендік сөздерін бас әріппен жазатынын түсіндірді

Бүгін «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық к…