АҚШ-тың Флорида штатында өнер көрсеткен қазақ боксшысы Жанқош Тұраров (21-0-0, 14 KO) мексикалық боксшы Густаво Гарибаймен (13-8-2, 5 KO) жұдырықтасып, қарсыласын айқын басымдықпен жеңді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
Мексикалық боксшы Густаво Гарибай кәсіпқой бокстағы мансабын 2008 жылы бастаған. Осы аралықта ол 21 кездесу өткізіп, оның 14-інде жеңіске жеткен. 5 жекпе-жегін нокаутпен ұтқан. 8 кездесуінде жеңіліс тапқан. Оның лақап аты – «Дәрумен» (Vitaminas).
Кәсіби бокс кеші Флорида штатындағы «Бока-Ратон» спорт кешенінде өтіп жатыр. Кездесуді «Қазақстан» және Kazsport арналары көрсетуде.
Енді шаршы алаңға Қанат «QAZAQ» Ислам шығады (23-0, 19 КО). Ол мексикалық Норберто Гонсалеспен (23-8, 13 КО) жұдырықтасады. Жекпе-жектің жеңімпазы бірінші орта салмақта WBO NABA және WBA Intercontinental белбеулеріне ие болады.