
Қазақстанның мәдениет қайраткері, «Құрмет» орденінің кавалері дауыс беру учаскесіне келіп, азаматтық ұстанымын білдірді
Бүгін Қарасай ауданындағы сайлау учаскесіне Қазақстанның мәдениет қайраткері, «Құрмет» орденінің кавалері, белгілі әнші Өмірқұл Айниязов келіп, Құрылтайға қатысты өз таңдауын жасады.
Өнер иесі дауыс беру рәсіміне қатысып, ел өміріндегі маңызды қоғамдық үдеріске азамат ретінде өз үнін қосты. Оның айтуынша, әр азаматтың ел болашағына қатысты өз көзқарасы болуы маңызды.
«Бүгін азамат ретінде өз таңдауымды жасадым. Елдің ертеңіне қатысты әрбір мәселе баршамызға ортақ деп ойлаймын. Сондықтан осындай маңызды сәтте өз азаматтық ұстанымыңды білдіру – жауапкершіліктің бір көрінісі», – деді Өмірқұл Айниязов.
Белгілі әнші мәдениет пен өнердің қоғамдағы орнына да тоқталды. Оның пікірінше, өнер халықтың рухани өмірімен тығыз байланысты және кейінгі буынға құндылықтарды жеткізуде маңызды рөл атқарады.
«Өнер – халықпен бірге жасайды. Біз сахна арқылы ән мен дәстүрді ғана емес, елге деген құрметті, ұрпаққа деген аманатты да жеткіземіз. Сондықтан мәдениет пен өнердің дамуы әрдайым елдің болашағымен сабақтас», – деді өнер қайраткері.
Өмірқұл Айниязов Қарасай ауданында дауыс бере отырып, азаматтық белсенділікке мән берудің маңызын атап өтті. Оның пікірінше, қоғамның дамуы әр азаматтың өз міндетіне жауапкершілікпен қарауынан басталады.
Басты бет Ақпарат ағыны ҚАРАСАЙДА ТАНЫМАЛ ӘНШІ ӨМІРҚҰЛ АЙНИЯЗОВ ҚҰРЫЛТАЙҒА ҚАТЫСТЫ ӨЗ ТАҢДАУЫН ЖАСАДЫ
-
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Алматы облысы бойынша филиалының директоры Бекжунусов Ермек Құралбекұлымен сұхбат
Алматы облысында мемлекеттік қызметтердің 71 пайызы электронды форматта көрсетілді Ағымд… -
ЯШЛАР ЯРИДИ!
Йеқинда наһийәлик Мәдәнийәт өйидә Яшлар ресурслуқ мәркәзиниң уюштуруши билән «Жастар жарқы… -
РЕЙТИНГТА АЛҒА ЧИҚТУҚ
Қурулғиниға бийил 22 жил толған Чарин дөләт миллий тәбиий парки (Чарин ДМТП) елимиздики ич… -
ПОЛВЕКА УСПЕХА И ИННОВАЦИЙ
В этом году Таскарасуская средняя школа отмечает полувековой юбилей и вместе с подведением…
БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР
Казахстан поднялся на 16-е место в рейтинге ООН по развитию электронного правительства
Казахстан впервые вошел в топ-20 рейтинга ООН и в высший рейтинговый класс Казахстан подня…
