Басты бет Ақпарат ағыны Алматы облысы Ішкі мемлекеттік аудит департаментіне алты айда 2 мыңнан астам өтінім түскен

Алматы облысы Ішкі мемлекеттік аудит департаментіне алты айда 2 мыңнан астам өтінім түскен

0
296

Алматы облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментіне жүктелген міндеттері мен функцияларына сәйкес 2024 жылдың   1-жартыжылдығында 33 аудиторлық іс-шара өткізілді. Бұл туралы баспсөз-мәслихатында департамент басшысы Нариман Ботанов айтты.
Жүргізілген аудиторлық іс-шаралардың нәтижелерінде 9,7 млрд.теңгеге бюджет және өзге де заңнама бұзушылықтар анықталған. Бүгінде департаментпен тұрақты негізде қаржылық бұзушылықтарды өтеу және қалпына келтіру бойынша жұмыс жүргізуде.
Баршаға мәлім, департамент қызметіне камералық бақылау жүргізу қызметіде жатады.  2024 жылғы 01 қаңтардан бастап 30 маусымға дейінгі жағдай бойынша жалпы сомасы 346,9 млрд. теңгеге 12180 лотты камералдық бақылауға алды, оның ішінде жалпы сомасы 320 млрд. теңгеге 11963 лотты қарады, бұл 98,2%-ы  құрайды, нәтижесінде 75,2 млрд. теңгеге 2379 лот бойынша бұзушылықтар анықталды, жалпы сомасы 346,9 млрд. теңгеге бұзушылықтарды жою туралы хабарламалар жолданды.
Нариман Манапұлының айтуынша, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 462-бабына сәйкес 108 камералдық бақылау материалы соттың қарауына беріліп, Мекемелердің лауазымды тұлғаларына барлығы 4 186 728 теңге көлемінде әкімшілік құқық бұзушылық айыппұлы салынды.
«Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығындағы әкімшілік айыппұлдар саны 371 –ге жетіп, әкімшілік айыппұлдар санының өсуі 232% құрайды»,-деді Алматы облысы Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің басшысы Нариман Ботанов.
Айта кетейік, жыл басына бері департаментке 2129 шағым түскен. Оның 1723-і қаралып, 98 өтінім қайта қарауға жіберілсе, 308-і қарауда жатыр.  Жауаптылардың сөзінсе, ең көп шағымдар мемлекеттік сатып алу ісіне қатысты екен.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

ШЫҢДАРДЫ БАҒЫНДЫРУ БАҚЫТЫ БҰЙЫРҒАЙ…

Елімізде Мемлекет басшысының бастамасымен жаңа форматтағы көшбасшыларды іріктеу мен кәсіби…