Басты бет Саясат ТҮЗЕТУЛЕР – ХАЛЫҚ ИГІЛІГІ ҮШІН

ТҮЗЕТУЛЕР – ХАЛЫҚ ИГІЛІГІ ҮШІН

0
61

Астанада Конституциялық комиссияның екінші отырысында Ата заңға енгізуге ұсынылған түзетулер жан-жақты талқыланды. Бұл түзетулер қоғам өкілдерінен, саяси партиялардан және сарапшылар қауымдастығынан келіп түскен көптеген ұсыныстардың барлығын ескере отырып қолға алынды.

ҚР Конституциялық Сотының төрайымы Эльвира Азимованың хабарлауынша, Комиссияға екі мыңнан астам ұсыныс келіп түскен, олардың барлығы біртұтас Жинақталған кестеге біріктірілді.Әрине пікірлердің барлығы да терең сараптамадан өтіп, оңы мен терісі таразыға салынып барып, түзету ретінде қабылданатындығына сенеміз.

Отырыс барысында Әділет министрі Ерлан Сәрсембаевтың, Сенат депутаты Нұрлан Бекназаровтың және Мәжіліс депутаты Снежанна Имашеваның баяндамалары тыңдалды.

Атап айтқанда, Әділет министрі түзетулерді Конституцияның Үкіметтің, Конституциялық Соттың, прокуратура органдары мен сот билігінің жекелеген функцияларын, құқық қорғау тетіктерін, жергілікті өзін-өзі басқаруды, жекелеген аумақтарда арнайы құқықтық режим белгілеу қағидаттарын, сондай-ақ Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібін реттейтін бөлімдері мен баптарына енгізу ұсынылып отырғанын айтты.

Оның айтуынша, түзетулердің жекелеген блогы болашақ бір палаталы Парламент – Құрылтайдың қызметіне қатысты болады. Мысалы, төрағаны тағайындау тәртібі, депутаттық корпусты қалыптастыру және өзге де рәсімдік мәселелер регламенттеледі.

Үкіметтің функцияларын реттеу бөлігінде мемлекеттік бағдарламаларды бекіту, сондай-ақ мемлекеттік комитеттерге қатысты өкілеттіктерді алып тастау ұсынылады.

Сонымен қатар, Конституцияда сот билігінің әкімшілік сот ісін жүргізу арқылы жүзеге асырылатыны тікелей көрсетілуі ұсынылады. Бұл құқық үстемдігі қағидатын нығайтуға және мемлекет пен азамат арасындағы нақты теңгерімді қамтамасыз етуге бағытталған маңызды қадамдардың бірі болмақ.

Бір палаталы Парламентке көшуге байланысты Конституцияның тиісті баптарына көптеген өзгерістер енгізу жоспарланып отырғаны белгілі болды.

Мәжіліс депутаты Снежанна Имашева Конституциялық комиссия мүшелеріне бірінші отырыстың қорытындысы бойынша әзірленген түзетулердің салыстырмалы кестесін таныстырды.Оның айтуынша, жинақталған ұсыныстар Қазақстанның конституциялық құрылысының негіздерін нақтылау мен нығайтуға, жекелеген нормалардың құқықтық айқындығын арттыруға және құқық қорғау тетіктерін күшейтуге бағытталған.

Конституциялық комиссияның мүшелері жекелеген жұмыс секциялары шеңберінде Негізгі заңға ұсынылған түзетулерді талқылауға кірісті. Заңгерлер мен қоғам белсенділері өз ұсыныстарын қорғап, жан-жақты зерттелген, зерделенген бағыттарын қорғайды деген сенім басым.

Баян МАМЫРБАЕВА,

аудандық «Қарадала тынысы – Қарадала нәпәси» газетінің тілшісі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

Большинство опрошенных казахстанцев поддержали Конституционную реформу – директор КИСИ

78% опрошенных казахстанцев поддерживают Конституционную реформу – директор КИСИ Публикаци…