«ХАК Медициналық орталығы» ЖШС Талдықорған қаласындағы филиалындаағымдағы жылдың 9 айындаМӘМС аясында реабилитацияжәне қалпына келтірудің 2 ші кезеңінен барлығы 79 науқас жалпы сомасы 14 449 364,65 теңгеге ем алды.
Оңалту мен қалпына келтіру қолжетімділігі мен сапаның жоғарылауына байланысты медициналық орталыққа тек қала тұрғындары ғана емес, көрші аудандардан да ем қабылдауға келеді. Жыл сайын оңалту бойынша науқастар саны артып келетінін атап өткен жөн.
Хирургия бөлімінің меңгерушісінің айтуынша,бөлімнің ашылуы науқастардың өмір сүру сапасы мен ұзақтығына оң септігін тигізуде.
Мысалы, осыдан бірнеше ай бұрын біздің емханаға Каратал ауданының 52 жасар тұрғыны келіп, оған «Сол жақ тізе буынынэндопротездеу» отасы сәтті жасалған. Осы жолы медицианлық орталығымызға оңалтуға жоспарлы түрде жолданған. Жеке дарабелсенді кинезотерапия мен кешенді оңалту шаралары жүргізілгеннен кейіннауқастың жағдайы едәуір жақсарды. Стационарлық емнің ықпалдылық көрсеткіштеріне қол жеткізгеніне, яғни, науқас буынының ауырсыну деңгейі азайып, жүріп -тұруы жеңілдеген соң, жергілікті мамандар бақылауына жіберілген.
«Біз Филиалда буындардың қалпына келуі мен отадан кейінгі науқастың жағдайы жақсаруы үшін бар күш-жігерімізді жұмсаймыз, -деп атап өтті бөлім меңгерушісі, травматолог дәрігер СтаниславСологубов.
Оразалы Майра Айтуарқызы
ЖШС «ХАК медициналық орталығы» пациенттерді қолдау мен
ішкі сапаны бақылау қызметінің жетекшісі