Басты бет Спорт Аватта жаңа зал

Аватта жаңа зал

0
3,057

Ават ауылында алдыңғы сенбі күні жағымды жаңалық болды. Ауылдық округі ғимаратының жанынан жаңа спорт залы ашылды. Ауыл жастарының жұмыстан қолдары бос кездерінде күрес, бокс, ушу-санда сияқты спорт түрлерінен жаттығуларына толық мүмкіндік қарастырылған мұнда. «Игі істің басына – жақсы келер қасына», – демекші ауылымыздың беткеұстар азаматы, спортта өзіндік биіктіктерді бағындырған Дияр Хамраевтың бастамасымен жүзеге асқан бұл шаруаға жерлестері дән риза. Республикалық «Батыр боламын» қоғамдық қорының президенті Арман Уахап бастаған бір топ спортсүйер жігіттер Ават ауылына келіп жаңа спорт залының ашылуына қатысты. Олар жай келмеген спорт залға қажетті маты, груша, бокс қолғаптары мен жаттығуға керекті құрал-саймандардың барлығын ала келген сый ретінде.

Спорт залының ашылу салтанаты ауылдастардың мерекелік концертімен басталды. Саябақтың ішіне сахна орнатылып, ауылдың көркемөнерпаздары арнайы әзірлеген концерттік бағдарламасын ұсынды. Сонан соң аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Жиһангер Мәжитов құттықтау сөзге шықты. Спорттың адам өмірінде алатын орнын нақты дәйектер арқылы түсіндіріп, шағын ғана Ават ауылында мынандай залдың ашылуын үлкен бақытқа балады. Жастардың тек уақыт өлтірулері үшін емес нағыз чемпиондар дайындайтын цехына айналсын деген ақжарма тілегін арнады. Сонан соң «Батыр боламын» қоғамдық қорының президенті Арман Уахап сөз алып, ауыл жастарының саламатты өмір салтын ұстанып, қоғамға жат әрекеттерге бармай, тек спортпен айналысуына титімдей үлесімізді қоссақ онда біздің босқа өмір сүрмегеніміз деп, жастарды жаттығуға жүйелі қатысуға шақырды. Әр ауылда спорттық залдар ашылуы керек, ол болашақ үшін аса қажет деген ұстанымын да жеткізді. Әзірше Дияр Хамраев жаттықтырушы болады, алда-жалда ынталы жастар көбейіп жатса, тағы да жаттықтырушы жібере аламыз деген уәдесін де берді. Ауылдың жігітбасы Қудус Маметов өзінің ағалық ақ батасын беріп, мынандай залдың ашылғанына өзінің шынайы қуанышын жасыра алмады. Барша ауылдастары атынан жақсылыққа мұрындық болған Арман баласына алғысын арқалатты. Сонан соң лента қию рәсімі өтті. Қаланың арнайы клубынан келген спортшы балалар өздерінің қойылымдарын, күрес әдістерінің қыр-сырын  көрсетті. Тамаша ұрыс әрекеттерін көрген ауыл балаларының қуаныштарында шек болмады. Қонақтарға деп әзірленген дастарқаннан ас ауыз тиген ауыл адамдары мен меймандар мәре-сәре күй кешті.

Ендігі мақсат осы залдың ауыл жастарына тиімді қызмет көрсетуі және жаттықтырушылардың шаршамай бала бойынан ізгілік іздеп, оларды өмірлік ұстанымдары берік, шымыр етіп тәрбиелеулері.

Сайдахмәт МУСТАПАЕВ,

ауыл әкімінің міндетін уақытша атқарушы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІ САЙЫСҚА ТҮСТІ

   Ж.Құдайбергенов атындағы орта мектебінің спорт залында «Алматы облысының оқу-ағарту жән…