
18 сәуір – Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күні. Жыл сайын бұл күн әлемде ерекше маңызға ие мереке ретінде аталып өтеді. Оның басты мақсаты – адамзаттың мәдени мұрасын сақтау, тарихи ескерткіштерге құрметпен қарау және оларды келешек ұрпаққа аман жеткізу.
Осыған орай әл-Фараби атындағы аудандық кітапханада «Ескерткіштер – ел тарихы» атты танымдық круиз ұйымдастырылды. Іс-шара барысында қатысушыларға еліміздегі және әлемдегі тарихи-мәдени ескерткіштер туралы кеңінен мәлімет беріліп, олардың тарихи маңызы мен тағылымдық мәні түсіндірілді. Сонымен қатар, кітап көрмесі таныстырылып, тақырыпқа қатысты әдебиеттерге шолу жасалды. Қатысушылар түрлі викториналық сұрақтарға жауап беріп, өз білімдерін сынап көрді.
Аталған шараның мақсаты – жастардың тарихи мұраға деген қызығушылығын арттыру, отансүйгіштік сезімін қалыптастыру және мәдени құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу болып табылады.
