Басты бет Ақпарат ағыны Алматы облысында соңғы 6 айда 3000-нан астам жас жұмыспен қамтылды

Алматы облысында соңғы 6 айда 3000-нан астам жас жұмыспен қамтылды

0
228

 

Бүгінде Алматы облысында халық саны 1 млн. 540 мың 600 адамды құрайды, соның ішінде 14 жастан 35 жасқа дейін жастар саны 426 117 адамды құрайды.
Аймақта жастарды жұмыспен қамту, NEET санатындағы жстарды жұмыспен қамтуға басымдық берілген. Қазіргі кезде NEET санатындағы жастар саны 46 мыңнан 33 мыңға азайды.
Облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма басшысының міндетін атқарушы Ләззат Мырзабекованың айтуынша, жыл басынан бері 3206 адам жұмысқа тұрған, оның 1150-і тұрақты жұмыспен қамтылған.
«Жастарды әлеуметтендіру және қолдау мақсатындағы «Кеңес орталығы» жұмыс жасайды. Соның арқасында 2056 жас Субсидияланған жұмыс орындарына жіберілді. Тарқатар болсақ, 103 адам әлеуметтік жұмыс орындарына, 1330 жас қоғамдық жұмыстарға, 316 -ы бірінші жұмысқа, 11-і ұрпақтар келісім-шартына, 296 адам жастар практикасына жіберілді»,- деді Ләззат Оразбекқызы .
Айта кетейік, жастар облыс халқының 27,7 пайызын құрайды. Жастардың 66 227-і (15,5%) қалада, 359 840-ы (84,5%) ауылдық елді мекенде тұрады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

Пресс-релиз: Ақын Үмбетәлі Кәрібаевтың туғанына 135 жыл

Өтетін күні: 2024 жылғы 11қазан Өткізу уақыты: 10.00 Өтетін орны: Жамбыл ауданы,Үмбетәлі а…