Басты бет Саясат Партиялық бақылаудың назарында

Партиялық бақылаудың назарында

0
1,997

         Кезең-кезеңімен өткізіліп тұратын түрлі саяси науқандарда жергілікті сайлаушылар мейлі әкім болсын, мейлі депутат болсын алдына келген үміткердің сайлауалды бағдарламасымен танысып, ондағы берілген уәделердің уақтылы әрі сапалы орындалуына зор үміт артып, өз таңдауларын жасайды. Және сондай өтпелі кезеңде уәдесін үйіп-төгіп келген кандидатқа өз дауысын беріп, ауылдағы ағайынның аманатын арқалатып, оның оңынан шешіліп, тез арада орындала қалуын асыға күтеді. Халықтың көкейінде жүретін, күрмеуі күрделі, күн тәртібінен түспейтін мәселелер күндегі күйбеңнің ұсақ-түйек сауалдарын қоспағанда тұрғын үй, ауыз су, мектеп, аурухана, мәдениет үйі, спорт алаңдары мен жол мәселесі екендігі айтпаса да түсінікті.  Ел экономикасының қауқарына байланысты жыл сайын әр өңірдің әлеуметтік саласын алға тартып, әсіресе тұралап қалған тұстарын аяқтан тұрғызып, заман талабына сай жағдай жасау үшін тиісті мөлшерде қаражаттар бөлініп, ел игілігіне жұмсалып жататындығын гүлденіп келе жатқан өңірлердің өңінен, ауылдардың ажарынан аңғаруға болады. Осының бір дәлелі биыл Бахар ауылдық округінің мәдениет саласына көңіл бөлініп, ауылдық клубтың толықтай күрделі жөндеуден өтуіне бюджеттен қажетті қаржы қарастырылуы.

Осы орайда мемлекет есебінен бөлінген қаражаттың «Тістегеннің аузында, ұстағанның қолында» кетпеуін бір сәт көзден таса қылмай қадағалайтын көшбасшы партияның Партиялық бақылау комиссиясы осы жолы аталмыш Бахар ауылдық округінің ауылдық клубына жасалып жатқан күрделі жөндеу жұмыстарының сапасы мен оған бөлінген қаражаттың тиімді әрі мақсатты жұмсалуына зерделеу жұмыстарын жүргізіп қайтты. Нысанды қайта күрделі жөндеуден өткізуге 350 млн теңге қаржы қарастырылып, мердігер «Шах» ЖШС ұтып алып, 326 млн 383 теңге көлеміндегі қаражатқа келісімшарт жасалған. «AMANAT» партиясы аудандық филиалының  атқарушы хатшысы, Партиялық бақылау комиссиясының мүшесі М.Нұров және комиссияның басқа да мүшелері аталмыш нысанның басына арнайы барып, жобалау сметалық құжаттамасымен танысып, нысанның құрылысына жауапты мердігердің белгілеген мамандарымен бетпе-бет тілдесіп, құрылыс жұмыстарының кестеге сәйкес жүргізілуін бақылап, жұмысшылар саны мен қажетті техникалардың қамтылуын қадағалап шықты. Сонымен қатар нысанның құрылысынан бөлек қамтылуға тиісті материалдық қажеттіліктер бойынша да сөз қозғалды. Ауылдық округтің мәдени іс-шаралары мен маңызды жиындары өткізілетін болғандықтан, дыбыс аппаратуралары, жарық шамдары мен сахна құралдары және қажетті жиһаздармен жабдықталу мәселесі де талқыланды. Зерделеу жұмыстарының соңынан мәселені кеңінен талқылап, ұсыныстар мен пікірлер айту үшін және тиісті қаулы қабылдау үшін Партиялық бақылау комиссиясының көшпелі отырысы өткізілді. Отырыс барысында нысанның уақтылы әрі сапалы жасалып, халықтың игілігіне қолданысқа көрсетілген мерзімде берілуі қатаң ескертілді және осындай зерделеу жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп тұратындығы да айтылды. Алдағы уақыттарда осындай мемлекеттік нысанның құрылыстары және ел игілігі үшін, халықтың қолайлы өмір сүруі үшін бөлінген мемлекет қаражатының оңды-солды жұмсалуы халықтың көзі мен өзі болып отырған партияның бақылаушы органдарының бірі партиялық бақылау комиссиясының назарынан тыс қалмайтындығы айқын болды. Ел бюджетінің әр теңгесі тиынына бас-көз болу және жоспарлы жұмсалуын қадағалау дәл осы комиссияның басты міндеті!

Ақжол Нұрдәулетұлы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы облысы: ауылдық округ әкімдерінің жұмысына жаңа серпін беріледі

Алматы облысында ауылдық округтер әкімдерінің бірінші форумы өтті. Шара жергілікті билік ө…