Басты бет Денсаулық Дербес төлеушілер МӘМС жүйесінде алдын ала 12 айға төлем жасау арқылы сақтандыру мәртебесіне қолжеткізе алады

Дербес төлеушілер МӘМС жүйесінде алдын ала 12 айға төлем жасау арқылы сақтандыру мәртебесіне қолжеткізе алады

0
996

2022 жылдың 4 шілдесінде «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар қабылданды. Сақтандыру мәртебесін алу үшін тек өткен 12 ай үшін емес, алдағы 12 айға да төлем жасауға болады. Яғни МӘМС-ке жарналар төлемеген адамдар сол өзгерістер бойынша міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекті алу үшін екі тәсілдің біреуін таңдап, жарналар төлей алады. Бұл өзгерісқол қойылған сәттен бастап 60 күннен кейін, яғни 2022 жылдың қыркүйегінде күшіне енеді.

Қазақстанда медициналық сақтандыру жүйесі 2020 жылдан бастап жұмыс істеп келеді. МӘМС-ке төлем жасау барлығы үшін міндетті болып саналатынына қарамастан, Алматы және Жетісу облыстарында464 976адам әлі күнге дейін сақтандырылмаған.

«Бүгінгі таңда сақтандырылмағандардың 72,4%-ы соңғы 12 айда мүлде жарна төлемегені анықталды. Азаматтардың тағы 13,3%-ы – өз қызметін азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт бойынша атқаратын тұлғалар. Қазір жарналарды төлеуді тоқтатқан бұрынғы жалдамалы жұмысшылар 5%-ды құрайды. Дербес төлеушілердің үлесі –1,7%, жеке кәсіпкерлер-2,4%, бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) төлеушілердің саны 4,0%-ға тең. Бұл негізінен 38-44 жастағы адамдар. Олар бейресми жұмыс істейді және жарна төлемейді. Сондай-ақ жұмыспен қамту орталығына барып ресми тіркеле алатын жұмыссыздар да бар. Бұл жағдайда осы азаматтар жеңілдік санатына кіріп, олар үшін төлемдерді мемлекет аударады», –дейдіӘлеуметтік медициналық сақтандыру Қорының Алматы облысы бойынша филиалының директоры Нұрлан Отарғалиев.

Қор жергілікті атқарушы органдармен, мемлекеттік кірісбасқармаларымен, «Атамекен» ҰКП және басқа да мүдделі мекемелермен бірлесіп сақтандырылмаған халықты МӘМС жүйесіне тарту бойынша кең ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Бұрын сақтандыру мәртебесін және МӘМС тізбесінен медициналық көмекті алу үшін пациенттің өткен 12 айға жарнасы төленген болуы және мәртебесін жоғалтпау үшін ай сайын жарналарды үзбей төлеуіміндеттелген еді.

Тәжірибе көрсеткендей және өтініштерді талдау нәтижесінде жұмыс істемейтіндер мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандар өткен кезең үшін жарна төлеуге қызығушылық танытпайтыны анықталды. Сол себепті олар үшін МӘМС жүйесіне қатысудың баламалы нұсқасы әзірленді. Ол сақтандыру мәртебесін алу үшіналдын ала 12 айға төлем жасауға мүмкіндік береді. 2022 жылғы шілдеде «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» ҚР Заңына тиісті толықтырулар мен өзгерістер бекітілді. Ол қыркүйек айының басында күшіне енеді. Біздің ойымызша, бұл халықты медициналық сақтандыру жүйесіне көптеп тартуға ықпал етеді» –дедіЖанарБотагарина.

Азаматтар алдын ала жарналарды төлеп, жыл бойы МӘМС тізбесіндегі медициналық көмекті алады. Сақтандырылмаған халықтың шамамен 30%-ы жаңа төлем түрін пайдаланады деп күтілуде.Сонымен қатар өткенберешегі жоқ дербес төлеушілердің МӘМС жарналарын ай сайын төлеу құқығы сақталады. Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылы дербес төлеушілер ай сайынең төменгі жалақы мөлшерінің 5%-ы көлемінде– 3 000 теңге жарна төлейді.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы облысы бойынша филиалы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

АИТВ-ке қарсы антиретровирустық терапия оң нәтежиесін беріп жатыр

Алматы облысында АИТВ инфекциясын емдеу бойынша үлкен жетістіктерге қол жеткізілді. Бұл ту…