Басты бет Иман Діни сауатсыздық – рухани тоқырауға әкеледі

Діни сауатсыздық – рухани тоқырауға әкеледі

0
2,858

Шарын ауылдық округінің әкімі Болат Алғазиевтің қатысуымен «Діни сауатсыздық – рухани тоқырауға әкеледі» атты тақырыпта ауылдық кітапханада кездесу өтті. Кесдесуге жиналғандар ішінде әртүрлі жастағы адамдар болды.

Ауылымыздың имамы Ермек Отарбаев дін туралы ой, танымын айтып, қаңтар оқиғасындағы келеңсіз жағдайлардан сабақ алып енді сондай жағдайды қайталамау мақсатында ауыл жастарына бүгінгі таңдағы діни эктремизм мен терроризмнің ел арасына іріткі салып, тіпті түгелдей мемлекеттің іргесін сөгілтіп отырғандығын нақты дәлелдермен баяндады. Діни сауатсыздықтың алдын алу үшін ең алдымен – сауаттылық дін туралы білім ретінде жалпы сауаттылықтың құрамдас бөлігіне айналуы тиіс екендігін білуіміз қажет. Барлық әлемдік, дәстүрлі, жаңа пайда болған діни ағымдардың тарихын, ілімін, құндылықтар жүйесінен танып-білу мен жалған діндердің, экстремистік топтардың белгілерін ажырата алу дағдысы қалыптасқан адамда радикалды идеяларға қарсы «ақпараттық иммунитет» қалыптасады. Осы тұрғыдан алғанда жастар арасында діни сауатсыздық рухани тоқырауға ұшырамас үшін, ауылымыздың жастарын діни сауаттылыққа шақырамын, – деді.

Ауыл әкімі Болат Алғазиев ауызбіршілік, татулық, ынтымақ болған кезде барлық кедергілерді жеңуге болатындығын, дәл қазіргі таңда әр жерде қылаң беріп отырған діни эктремизмнің елесінен толық айырылып, еліміздің егемендігін сақтау жолында еңбек етуді, имандылық, мейірім т.б қасиеттерді сіңіру керектігін ескертті. Дін сауатсыздық рухани тоқырауға әкелетінін қазіргі сәтте елімізде діни ахуал әрбір саналы азаматты алаңдататынын айтты.

Осы кездесуді ұйымдастыруға мұрындық болған ауылдың кітапханашысы Сәрсебек Айдана дін қоғамдағы әрбір азаматтың бойына адамгершілік, жүрегіне жылылық пен сүйіспеншілік оятатындығын, әрбір дін әділдіктің, сыпайылықтың, парасаттылықтың, көпшіліктің кепілі екендігі түсіндіріп, өз ойын өрбітті.

Айдар САЙДАЛИМОВ,

Шарын ауылдық округінің бас маманы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

ЖАТ ДІНИ АҒЫМДАРДЫҢ ДІТТЕГЕНІ НЕ НӘРСЕ?

Бүгінгі қоғам өте қызық. Ондағы тіршіліктің қайсысы жақсы, қайсысы жаман деп ойыңды қорытқ…