Басты бет Әлеумет Барлық келелі мәселені бірге шешетін боламыз!  

Барлық келелі мәселені бірге шешетін боламыз!  

0
948

     С.Н. Кабимолдаева — Алматы облысының

Білім саласында сапаны қамтамасыз ету

  департаментінің басшысы 

2019 жылдың желтоқсан айында қабылданған «Педагог мәртебесі туралы» Заң (ары қарай-Заң) педагогтің мәртебесін айқындады және оның құқықтарын, әлеуметтік кепілдіктері мен шектеулерін, міндеттемелері мен жауапкершілігін белгіледі. Заңмен педагогтің құқықтық жағдайының сапалы жақсаруы, олардың әлеуметтік қорғауы кепілденді.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2019 жылғы педагогтердің Республикалық тамыз конференциясында білім және ғылым саласының дамуына еліміздің лайықты азаматтарын тәрбиелеуде білікті педагогтерге басты міндет артты. «Бәсекеге қабілеттілікті көтеру үшін педагогтердің жоғары мәртебесіне сөз жүзінде қол жеткізуіміз керек». Президент Заңның 6 бабында көрсетілген педагогті оның кәсіби міндеттеріне байланысты емес жұмыс түрлеріне тартуға, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделмеген есептілікті не ақпаратты ұсынуды талап етуге, заңнамаларда көзделмеген тексерулер жүргізуге байланысты шараларға жеке тоқталып өтті.

Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті тек заңнама нормаларын бұзушылықтарды, оның ішінде педагогтердің кәсіби міндеттерін атқару барысындағы құқықтарының сақталуына қатысты анықтап қана қоймай, өз ісіне салғырт қарайтын жұмыс берушілер мен басқа да кінәлі тұлғаларды әкімшілік жауапкершілікке тарта отырып, бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған нақты шараларды жүзеге асыру үшін құрылған.

Қазақстан Үкіметі мен бүкіл қоғам үшін маңыздылығына қарамастан, педагог мәртебесі туралы заңдылық талаптарын орындамау Алматы облысы үшін өзекті мәселе болып тұр. Департаментке педагогтер, ата-аналар, азаматтар тарапынан білім саласындағы бұзушылықтарға байланысты өтініштер келіп түсуі жалғасуда. Алматы облысының мұғалімдерінен жасырын түрде алынған сауалнама қорытындысы бойынша «Педагог мәртебесі туралы» Заңды бұзушылықтар орын алатыны дәлелденді. «Қашықтықтан оқыту барысында есеп алуды тоқтату туралы министрдің бұйрығы орындалады ма?» деген сауалға сұралған педагогтердің 45% «жоқ» деген жауап берген, «Мектеп әкімшілігі өз қаражатыңызға газетке жазылуға мәжбүрлей ме?» деген сұраққа 86% педагог «иә» деп жауап берген.

Сонымен қатар, құзіретті органдарға өтініш түсіру арқылы бұзушылықтарды болдырмауға талпынған педагогтерге білім беру ұйымы басшылары қысым көрсетеді: «Басшылық туындаған мәселелер туралы чатқа жазбауды талап етеді ме?», «Басшылық сұрақтар бойынша оң жауап беруді талап етеді ме?» деген сұрақтарғаа 70% мұғалім «иә» деп жауап берген.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі А.Аймағамбетов Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменттері алдына өз жұмыстарын бүгінгі коронавирус пандемиясы кезеңінде туындаған жаңа талаптарға сәйкес қалыптастыру туралы міндет қойды: «Бүгінгі күні азаматтардың барлық сындарлы сауалдарына жедел әрі тиімді әрекет ету маңызды».

Алматы облысының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті білім беру ұйымдарында қашықтықтан оқыту ұйымдастырылған кезеңнен бері білім саласына қатысты түскен сұрақтарға шұғыл жауап беру алгоритмін құрды. Біз күнделікті сайттарға, әлеуметтік желілерге, телефон арқылы және call-орталықтарына Алматы облысындағы білім саласына қатысты түскен ақпараттарды анықтаймыз.  Келеңсіз деректер және бұзушылықтар жергілікті атқарушы және мемлекеттік органдардың қатысуымен шұғыл түрде қарастырылып, көмек көрсету шаралары қолданылады. Департамент тарапынан қажет ететін отбасыларға компьютерлік техника берілу, интернетке қолжетімділік және оқыту бағдарламаларын пайдалану мәселелері бойынша нақты көмек көрсетілді. Педагогтер және ата-аналар арасында оқу бағдарламасының мазмұнынан бастап және  үй тапсырмасы, мектеп құрылысын жоспарлау және күрделі жұмыс жүргізуге дейінгі сұрақтар бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу де маңызды болып есептеледі.

Департамент әлеуметтік жүйелерге, бұқаралық ақпарат құралдары беттеріне жарияланған ақпараттарға мониторинг жүргізу жұмыстарын жалғастыруда.

Педагогтер, оқушылар, ата-аналардың назарына: Сіздерде білім беру саласына және колледж, мектептердің қашықтықтан оқытылуына қатысты сұрақтар туындаса және мектеп әкімшілігінің есеп сұрағаны,  жоспарланбаған мониторинг және білім беру ұйымы әкімшілігі тарапынан тексеру жүргізілгені туралы фактілер бойынша ақпарат бергіңіз келсе, Алматы облысының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету Департаментінің сайтына жолдауларыңызға Almoblcontrol.kz, сонымен қатар, 8(7282)24-79-91, 24-75-13; WhatsApp: 87015771142;  87022573790 телефондары арқылы хабарласуларыңызға болады

Барлық келелі мәселені бірге шешетін боламыз!

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

ШТАБ МҮШЕЛЕРІ ҰСТАЗДАРМЕН ЖҮЗДЕСТІ

Халықтық штаб мүшелері Тасқарасу  орта мектепте болып, мекеменің ұжымымен кездесті. Бұл ба…