Басты бет Ақпарат ағыны Тұман сейілгенмен босаңсуға болмайды

Тұман сейілгенмен босаңсуға болмайды

0
2,562

Аудан бойынша білім бөлімі аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының   «Ұйғыр ауданы аумағында карантин режимі және кейбір шектеу  шараларын енгізу туралы» 2021 жылғы 10 ақпанындағы № 4 қаулысына сәйкес, 2020-2021 оқу жылы ІІІ-тоқсанның 6-аптасынан ауданымыздағы барлық білім беру ұйымдарында қашықтықтан оқыту форматынан дәстүрлі оқыту форматына көшіріле бастады. Ескере айтатын жағдай, аталмыш оқу жылының ІІІ-тоқсанынан 1-5 сыныптар бойынша кезекші сыныптарды және мектеп бітіруші 9, 11 сыныптарды оффлайн оқыту режиміне көшіруге толықтай дайындықтар жасалған, алайда ауданымыздың эпидемиялық ахуалының күрт өзгеруі себепті (ауру санының көбеюі) балаларды мектепте оқытуға шығару уақытша тоқтатылған болатын.

Бүгінгі таңда 33 мектепте оқыту әртүрлі форматта ұйымдастырылды.

Контингенті 300 оқушыға дейінгі мектептерде сыныптардағы балалар саны 15 адамға дейін 12 мектепте  Шошанай орта мектебі, Жаңасай негізгі мектебі, Бірлік Сүмбе, Кіші Ақсу, Долайты, Тиірмен қазақ, Ардолайты, Үлкен Дихан, Н.Исахметов атындағы, Добын, М.Мақсатов негізгі мектебі, Рахат орта мектептері 1-11 сыныптар дәстүрлі форматта оқытылып жатыр. Ал, қалған 21 білім беру ұйымдарында,  сыныптарды 15 баладан асырмай жинақтауды сақтай отырып, ата-аналардың өтініші бойынша жалпы білім беретін мектептерде 1-5 сыныпқа дейін  кезекші сыныптарға және оқу бітіретін 9, 11 сыныптарға аралас (пәндердің 70%-ын штаттық режимде, 30%-ын қашықтықтан) оқыту ұйымдастырылды. Сонымен қоса, білім беру мекемесі әкімшілігінің шешімі бойынша сабақтан тыс уақытта 5 адамнан аспайтын топтарда оқушыларды жеке оқытуға  рұқсат берілді.

Барлық білім ошақтарында санитарлық режим барынша күшейтіледі. Аудандық білім бөлімі және мектеп әкімшілігі тарапынан коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеуге шектеу шаралары бойынша санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың орындалуы қатаң бақылауда болады.

Сыныпта 15 адамнан артық емес, әлеуметтік қашықтықты сақтау,1 сынып – 1 кабинет қағидаты бойынша оқыту, бір уақытта мектепте жобалық қуаттың 30%-ынан аспайтын адамның болуы, санитариялық-дезинфекциялық режимнің сақталуы, қоғамдық іс-шараларды өткізбеу, сабақ аяқталғаннан кейін сыныптардың  уақтылы босатылуын бақылау назарға алынды. Сыныптардың, топтардың үзілісте араласпауын қамтамасыз ету үшін жылжымалы өзгерістер кестесін әзірленді .Кестеде ауаны залалсыздандыру мен желдетуді қоса алғанда, сыныптарда санитариялық өңдеу үшін оқу сабақтары арасында кемінде 15-20 минут үзіліс жасау жүзеге асып отыр. Оқушылардың аудиториядан тыс байланысын болдырмау, сыныптардағы бөлме температурасын қадағалау, мұғалімдердің, оқушылардың және мектеп жұмысшыларының дене қызуын уақытылы тексеруді бақылауға алу, маска режимін күшейту басты назарда.  Санитарлық нормаларды сақтай отырып мектеп асханаларында ыстық тамақ және буфеттік тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Сонымен қоса, мектебі жоқ және сәйкес сыныптары жоқ ауылды мекендерден балаларды тасымалдау 5 мектепте ұйымдастырылды.

Елдегі эпидемиялық ахуалдың тұрақсыздығына байланысты балалар денсаулығына алаңдаушылық сейілген жоқ. Сондықтан ата-аналар тарапынан балалардың жеке басының гигиенасының сақталуына, мектепке шығарда және сабақтан келгенде дене қызуының тұрақтылығына аса мән беру керектігі, келеңсіз жағдай орын алса дереу сынып жетекшісіне және кезекші дәрігерлерге хабар беру керектігін ескертеміз.

 

Гауһар ДӘУРЕНБЕКОВА,

аудандық білім бөлімінің бас маманы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

ШЫҢДАРДЫ БАҒЫНДЫРУ БАҚЫТЫ БҰЙЫРҒАЙ…

Елімізде Мемлекет басшысының бастамасымен жаңа форматтағы көшбасшыларды іріктеу мен кәсіби…