0
34

Құрылтай сайлауы – ел болашағына бейжай қарамайтын әрбір азамат үшін маңызды саяси науқан. Бұл – халықтың өз таңдауын жасап, мемлекетіміздің дамуына үлес қосатын жауапты кезеңі. Осындай маңызды шараның ашық, әділ және заң талаптарына сай өтуі – баршамыздың ортақ тілегіміз.

Ауданымыздың Құрметті азаматы ретінде жерлестерімді ел тағдырына бейжай қарамай, азаматтық белсенділік танытуға шақырамын. Өйткені еліміздің ертеңі әрқайсымыздың бүгінгі таңдауымызға тікелей байланысты. Бірлік пен татулықты ту еткен халқымыз әрдайым ел мүддесін жоғары қояды деп сенемін.

Бүгінгі құрылтайдың басты мақсаты – қоғамның бірлігін нығайтып, халықтың үнін естіп, елдің өзекті мәселелерін ортақ талқылау. Осындай маңызды бастамалардың нәтижесінде мемлекетіміздің тұрақты дамуына тың серпін берілетініне күмән жоқ.

Барша қатысушыларға сәттілік, жауапты міндеттеріне табыс тілеймін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш, Тәуелсіз Қазақстанымыздың болашағы жарқын болсын!

Нұров Маулен Мұқажанұлы, зейнеткер, ауданның құрметті азаматы

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

Құрметті тұрғындар! Сіздерді 23 тамыз күні өтетін Құрылтайға қатысуға шақырамыз. Құрылтай …