Алматы облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сауда саласындағы заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз ету бағытында жүйелі жұмыстар жүргізуде.
2026 жылдың 5 айының қорытындысы бойынша Департаментке азаматтардан 1663 өтініш келіп түсті. Бұл көрсеткіш 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,6 есеге артқан (733 өтініш).
Өтініштердің басым бөлігі электрондық сауда, тұрмыстық қызмет көрсету, білім беру, коммуналдық және медициналық қызметтер салаларына қатысты болды.
Бұл көрсеткіш тұрғындардың құқықтық сауаттылығының артып, өз құқықтарын қорғау мәдениетінің қалыптасып келе жатқанын көрсетеді.
📌 Есепті кезең қорытындысы бойынша:
✅ 70 жоспардан тыс тексеру жүргізілді;
✅ 2 003 887 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды;
✅ Тұтынушыларға 42 477 000 теңгеден астам қаражат қайтарылды.
Сонымен қатар, көптеген тұтынушылық даулар сотқа дейінгі тәртіппен шешіліп, азаматтардың құқықтары қалпына келтірілді.
Департамент тарапынан құқық бұзушылықтардың алдын алу, тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру және интернет-алаяқтықтың алдын алу бағытында тұрақты түрде ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы жұмыс алдағы уақытта да жалғасатын болады.
