Елдің көкейінде жүрген, жылдар бойы шешімін таппай келе жатқан, Нарынқол-Кеген республикалық автожолы жөндеуден өтеді. Бұл туралы Райымбек ауданының әкімі Берік Дүйсенбаев айтты.
«2024 жылы бұл жолдың 15 шақырымы жасалынды, қалған 74 шақырымына қаражат бөлініп, «Қазавтожол» мекемесі көктем шыға жөндеу жұмыстарына кіріседі»,-дейді аудан басшысы Берік Фатықұлы.
Биылғы жылы нарынқолдықтар үшін ақжолтай жаңалыққа толы болмақ. Аудан әкімі тұралап келе жатқан мәселелер шешімін табады, дейді. Мәселен, 2025 жылы Райымбек ауданы толқытай орталықтандырылған ауыз сумен қамтылады.
Өңірде 20 елді мекен мен 11 ауылдық округ бар. Бүгінгі таңда Қарасаз және Шалкөде ауылдарына су тарту жұмыстары қолға алынып, жыл соңына дейін аяқталуы тиіс. Жоспар жүзеге асса, Райымбек ауданында ауыз суға қатысты мәселе туындамайтын болады. Еске саламыз, былтыр , Тұзкөл, Тегістік, Көкбел ауылдарының ауыз су жүйелері қолданысқа өткен еді.
Баспасөз мәслихаты барысында аудан басшысы Берік Дүйсенбаев халықтың тұрмыстық әл-ауқатын жақсарту үшін, аймақта бағаны тұрақтандыруға қатысты біршама жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтты.
Қуантарлығы, аграрлы өңірде ұн бағасы нарықтан 3-4 мың теңгеге арзан. Оның себебі, екі бірдей кәсіпорын ұнды арзан бағаға сатуымен байланысты.
«Егін шаруашылығымен айналысатын «Райымбек НАН» ЖШС мен «Алтын Дән» ЖШС-і аудан тұрғындарына арзан бағада ұн сатуда. Бұл нарық бағасынан 3-4 мың теңгеге арзан және халыққа тиімді»,-дейді Берік Дүйсенбаев.
Алдағы уақытта Нарынқолда арнайы азық-түлік дүкені ашылады. Ол үшін орында қарастырылып қойған. Алға қойған мақсаттар орындалса , өңірде әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасы қалтаға ауырлық салмайды деген ойда, аудан әкімі Берік Фатықұлы.
Айта кетейік, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда тірі салмақтағы мал мен құс етін өндіру 10,1%-ға, сиыр сүтін өндіру 4,5%-ға өсті.
2024 жылы Райымбек ауданында өнеркәсіп өнімінің көлемі 42% ға артып, 944,5 млн. теңгеге жеткен болатын. Тауар айналымыда айтарлықтай өсіп, нақты индекстің көлемі 110,2 пайыздық көрсеткішті көрсетуде. Тіпті, ауданға тартылған инвестиция көлеміде жоғарылаған. Жалпы құны 10 млрд. 52,4 млн. теңгеге жеткен жайы бар.
-
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Алматы облысы бойынша филиалының директоры Бекжунусов Ермек Құралбекұлымен сұхбат
Алматы облысында мемлекеттік қызметтердің 71 пайызы электронды форматта көрсетілді Ағымд… -
Алматы облысында экологиялық саясаттың іске асырылуы
«Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасын жүзеге асыру аясында Алматы облысының Балхаш ау… -
Ұйғыр ауданындағы таулы аймақтағы елді мекендер газға қосылады
Алматы облысындағы аграрлы өңірдің қатарында Ұйғыр ауданы да бар. Бау-бақша өнімдерін өсір… -
Мемлекеттік аппарат шығыстары 410 млрд теңгеге қысқартылды
Қазақстан Үкіметі мемлекттік шығыстар тиімділігін арттырып, бюджет тәртібін нығайту аясынд…
БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР
Ұйғыр ауданындағы таулы аймақтағы елді мекендер газға қосылады
Алматы облысындағы аграрлы өңірдің қатарында Ұйғыр ауданы да бар. Бау-бақша өнімдерін өсір…