Басты бет Тағзым ҚАСІРЕТКЕ АЙНАЛҒАН ЖАРЫЛЫС

ҚАСІРЕТКЕ АЙНАЛҒАН ЖАРЫЛЫС

0
21

1986 жылдың көктемінде атом тарихындағы ең ірі апаттардың бірі болған Чернобыль оқиғасы төрткүл дүниені елең еткізді. Қайғылы жағдайға 40 жыл өтсе де ел тұрғындары «бейбіт атом» немесе Атом энергиясы туралы сөз қозғала қалса, алдымен Чернобыльдегі апатты еске алады. Жалпы бұл оқиғаның зардабын тек сол маңда тұратын адамдар емес, Кеңестер Одағында өмір сүрген, сол оқиғаға көмекке барған азаматтар да тартты. Олардың ішінде біздің ауданның жігіттері де бар. Жылда 26 сәуір күні осы оқиғаға куә болған жандардың басын қосып, әңгімесін тыңдау дәстүрге айналғаны да рас. Биыл да атом апатына куә болған жандармен кездесу аудандық кітапхананың мәжіліс залында өтті.

«Қасіретке айналған алапат жарылыс» атты шараға шақырылған қонақтарға бір минуттық үнсіздік жарияланды. Чернобыль қаласында атомды энергияны пайдалану тарихында  мыңдаған адамның өмірін қиған ең ірі апат зардабын жоюға 32 мың қазақстандықтар қатысыпты. Апат салдарынан радиоактивті түтін оннан аса мемлекеттің жерін ластап, кем дегенде 5 миллион халық зардап шекті. Бұл – келтірген залалы мен салдары жөнінен ХХ ғасырдағы ең ірі техногендік радиациялық апат.

Шарағаның алғашқы сөзін аудан әкімі Бота Елеусізова алды. Амандық-саулық сұрасқан соң сіздермен ерлік пен азаматтық борыш, жауапкершілік пен патриоттық сезімнің насихатталатын шарасында бас қосып отырмыз. Осыдан 40 жыл бұрын Украина елінің Чернобыль аумағындағы атом электр станциясында адамзат тарихындағы ең ірі техногендік апат орын алған болатын. Сол апаттың оты тұтанған сәтте Отан алдындағы борышын өтеп жүрген сарбаздар қатарында біздің елімізден бір кісідей аттанып, азаматтық борыштарын адал атқарған жауынгер жерлестеріміз ортамызда отыр, қош келдіңіздер, – деп әңгімесін бастады аудан басшысы.

Осы оқиға туралы тың деректерге сүйенсек, апатты залалсыздандыруға 1986-1992 жылдарда қатысқан адамдардың саны 600 мыңнан асқан екен. Олардың ішінде ресми тізімде 31743 қазақстандық тіркелген. Сол азаматтардың арасында өз өмірін қатерге тігіп, өзге елден келген барша жауынгерлермен иық тіресе заматтық борышын адал атқарып, еліне абыроймен оралған ауданымыздағы ардагерлердің батырлығы мен антына беріктігі бүгінгі ұрпақ үшін нағыз үлгі. Биыл дүниежүзін дүр сілкіндірген осы апаттың орын алғанына 40 жыл толып отыр.

«Ерлік – жан дүниенің ұлы қасиеті» деген халық аузында айтылған нақыл бар. Ауыр аманат арқалап, өмір мен өлім белдескен нағыз қауіптің ортасында қатерге бас тігіп, батылдық пен ерліктің ерен үлгісін көрсеткен батыр жерлестерімізбен кездесіп, естеліктерін тыңдау біз үшін бір мақтаныш.

Ерлік қашан да елге мүра, ұрпаққа – ұран болатыны белгілі. Сондықтан жылдар өткенмен Чернобыль апатын залалсыздандыруға қатысқан жерлестеріміздің өшпес ерлігі ел есінде мәңгі сақталуда.

Сіздердің ерен ерліктеріңіз, от пен қасіреттің ортасындағы төгілген тер бүгінгі ұрпақтың жадында сақталады. Бейбіт күннің сіздерге сыйлар жақсылығы көп болсын! Отбасыларыңызға амандық, өздеріңізге сарқылмас күш-қуат тілейміз! Тәуелсіз еліміздің мерейі үстем болсын! – деп ақжарма тілегін төкпеледі.

Сонан соң сөз кезегі Чернобыль апатын залалсыздандыруға қатысқан ардагер Мухидин Ахуновқа берілді. Ол сол мезетте әскери міндетті борышын өтеп жүргендіктен денсаулыққа өте зиянды аймақта азаматтық борышын атқарғандығын және өздерінің емес қарапайым халықтың қамын ойлап, оларды қауіпсіз жерге тасымалдау жұмыстарына атсалысқандығын тіліне тиек етті. Бірге болған жерлестерімен кездескеніне қуанышты екендігін де жасырмады. Өзге елде, басқа мемлекетте болған оқиғаны естен шығармай, арнайы шара ұйымдастырған жандарға алғысын айтты.

         Ардагерлерге арналған концерттік бағдарлама ұсынылды. Бір сәт мерекелік көңіл-күй орнады.

Шараның соңы   Чернобыль ардагерлеріне арналған аллеяға ағаш отырғызу рәсімімен аяқталды.

Қырық жыл өтсе де Чернобыль апаты ұмытылған жоқ. Жалпы ғылымға да сабақ болатын мұндай оқиға ендігәрі еш елде қайталанбасын деп тілейік.

Аманбике ЖАНЫСБАЙҚЫЗЫ

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

ӨЛЕҢГЕ АЙНАЛҒАН ӨМІР

ҚАЗАҚ  руханияты кейде сырт көзге байқалмайтын, бірақ ішкі әлемді тұтас селт еткізетін сәт…