Басты бет Мәдениет және руханият КІТАП – РУХАНИ ҚАЗЫНА

КІТАП – РУХАНИ ҚАЗЫНА

0
21

23 сәуір – Ұлттық кітап және Кітапханашылар күні – білім мен мәдениеттің дамуына өлшеусіз үлес қосып жүрген кітапхана қызметкерлерінің еңбегін дәріптейтін ерекше күн. Бұл мереке – тек кітапқа ғана емес, сол кітап арқылы адамзатқа рухани байлық сыйлап жүрген кітапханашыларға көрсетілген құрмет.

Осы айтулы күнді кітапхана қызметкерлері  Әл Фараби атындағы аудандық кітапханада атап өтті. Бұл күні оқырмандар да әдеттегіден көп жиналды. «Кітап керуен»  көрмесі ұйымдастырылып, оқырмандарға түрлі жанрдағы әдеби шығармалар ұсынылды. Аудандық мәдениет үйінің қызметкерлері мерекелік кештің көркін аша түсті. Олар кітапханашыларға арнаған концерттік бағдарламаларын ұсынды. Әсем әндер шырқалып, би биленіп, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Кітапхана қызметкерлері оқырмандар үшін «Кітап әлеміне саяхат» деген қызықты сұрақтар қойылған қорапша және «Айналмалы шаңырақ» интеллектуалды, «Кітаптың атын табыңыз» сияқты ойындарын оқырман назарына ұсынды. «Кіші конференция» залында оқырмандар «тоғызқұмалақ», «шахмат» ойындарын ойнаса, арнайы әзірленген плакатқа оқырмандар кітапханамызға, жеке маманға деген ыстық  тілектерін жазып, пікірлерін қалдырды.

Бұл күні кітапхана қызметкерлері алғыс арқалады. Оқырмандар олардың еңбегін бағалап, жүрекжарды лебіздерін білдіріп жатты. Рухани жан дүниені байытатын жердегі нағыз жұмақ – кітапхана іші ізгі тілектер мен ыстық ықыластарға толды.

Кітапханашылар – қоғамның мәдени және рухани дамуына зор үлес қосып жүрген абзал жандар. Олардың еңбегі әрдайым құрметке лайық. Бұл күні біз марқайып, киелі мамандық иелері екенімізге мақтандық.

Мөлдір АХМЕТҚАЛИ,

Әл-Фараби атындағы аудандық кітапхананың

оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

СИЛА ПРИТЯЖЕНИЯ

Сохранение традиций и развитие сельского искусства – задачи, требующие не только профессио…