Басты бет Денсаулық Тиірмен ауылдық округінде жаңа дәрігерлік амбулатория ашылды

Тиірмен ауылдық округінде жаңа дәрігерлік амбулатория ашылды

0
134

Тиірмен ауылдық округінің тұрғындары үшін маңызды әлеуметтік нысан – жаңа дәрігерлік амбулатория пайдалануға берілді. Енді ауыл халқы сапалы медициналық көмекті өз ауылында-ақ алу мүмкіндігіне ие болды. Заманауи талаптарға сай салынған амбулаторияда алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетуге барлық жағдай жасалған. Мұнда қабылдау кабинеттері, екпе және тексеру бөлмелері қарастырылып, қажетті медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Жаңа медициналық нысан ауыл тұрғындарының денсаулығын қорғауға, дер кезінде ем қабылдауына және медициналық қызметтің қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Ауыл тұрғындары үшін бұл – көптен күткен қуанышты жаңалық. Жаңа амбулатория халық игілігіне қызмет етіп, ауыл тұрғындарының денсаулығын жақсартуға өз үлесін қосады деп сенеміз.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

Темекі шегудің денсаулыққа зияны

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 1988 жылы 31 мамырды Дүниежүзілік темекісіз күн деп жа…