Жалпы жұрттың танысуы үшін референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың тізімдерін ұсыну мен дауыс беру күні арасындағы кезеңде азамат өзінің болатын жерін ауыстырған кезде учаскелік референдум комиссиясы азаматқа дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәлігін табыс етеді.
Облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, Республика астанасының референдум комиссиялары есептен шығару куәліктерін дауыс беру күніне кемінде жиырма күн бұрын төмен тұрған аумақтық референдум комиссияларына бөледі және жібереді.
Төмен тұрған аумақтық референдум комиссиялары есептен шығару куәліктерін дауыс беру күніне кемінде он алты күн бұрын учаскелік референдум комиссияларына актімен бөледі.
Есептен шығару куәліктерін азаматтар дауыс беру күні болатын жерін ауыстырған кезде олардың жазбаша етініші негізінде 27 ақпаннан бастап 14 наурыз күнгі сағат 18-00 ге дейін учаскелік комиссия береді.
Есептен шығару куәлігі азаматқа (не сенімхат бойынша оның өкіліне) нысан бойынша есептен шығару куәлігін алуға өтініш негізінде беріледі.
Өтінішті азамат жеке, түсінікті түрде толтырады.
Егер дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәлігі азаматтың өкіліне сенімхат бойынша берілсе, онда өтінішке сенімхат қоса беріледі.
Учаскелік комиссияға келіп түскен өтініш бойынша есептен шығару куәлігін толтыруды комиссия төрағасы немесе мүшесі азаматтың қалауы бойынша мемлекеттік немесе орыс тілінде жүргізеді.
Енгізілген өтініш бойынша есептен шығару куәлігін берген учаскелік референдум комиссиясының мүшесі сайлаушылардың тізіміндегі сайлаушы тегінің тұсындағы «ескертпе» деген бағанға есептен шығару куәлігінің берілгені туралы жазбаны, оның бес таңбалы сериялық нөмірін, берілген күнін енгізеді және өзінің қолын қояды.
Есептен шығару куәлігін алуға азаматтың өтініші республикалық референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың тізіміне қоса беріледі және оны тиісті учаске бойынша республикалық референдумға қатысуға құқығы бар азаматтар тізімінен алып тастау үшін негіз болып табылады.
Есептен шығару куәлігі бір елді мекен шегінде басқа учаскеде дауыс беруге қатысқысы келетін азаматтарға берілмейді.
Жоғалып қалған есептен шығару куәліктері қалпына келтірілмейді. Есептен шығару куәліктерінің телнұсқалары берілмейді.
Есептен шығару куәліктерін беру 2026 жылғы 14 наурызда жергілікті уақыт бойынша сағат 18-де тоқтатылады.
Пайдаланылмаған есептен шығару куәліктерін тиісті учаскелік референдум комиссиясы 2026 жылғы 14 наурызда сағат 18-ден кейін жоюға тиіс және дауыс берудің қорытындылары шығарылған соң жоғары тұрған референдум комиссиясына береді.
Дауыс беру күні есептен шығару куәлігі ұсынылған соң учаскелік референдум комиссиясы азаматты оның болатын жері бойынша учаскедегі референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың тізіміне енгізеді.
Есептен шығару куәлігі республикалық референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың тізіміне қоса беріледі.
Есептен шығару куәлігі бір елді мекен шегінде басқа учаскеде берілсе, азамат республикалық референдумға қатысуға құқығы бар азаматтар тізіміне енгізілмейді
