Абдуманап Амитахуновты ауданда танымайтын адам жоқ. Оның есімі аталса аудандық аурухана көз алдыңызға еріксіз келе қалады. Өз жұмысын жоғары деңгейде жүргізген, дәрігерлік парызын адалдықпен атқарған бір жан болса, ол – Әбекең деуге толық құқымыз бар. Әр саладағы басшылармен араластық, сыйластық, дастарқандас болдық. Дей тұрғанмен Абдуманап Амитахунұлының басшылық еткен кезіндегі дәуірді ерекше әңгімелеуге болады. Ең алдымен өз жұмысына деген адалдық пен …