Басты бет Тағзым Ардагер ұстаздар ардақталған күн

Ардагер ұстаздар ардақталған күн

0
1,201

         Мамандық атаулының ең ардақтысы ұстаздық екендігіне ешкімнің таласы жоқ шығар. Өйткені барлығымыз сол ұстаздың алдынан ағарып шыққандығымыз ақиқат. Осы бір ұлы есімнің ұлықталатын күні жыл сайын жомарт күздің қазанымен қатар келеді. Айтулы мерекеге орай Ж.Құдайбергенов атындағы білім ордасында ардагер ұстаздарды ардақтап, ұстаздыққа құрмет көрсетілген тамаша бір шара өткізілді. Қазан айының алғашқы аптасында аталмыш мектептің 4 сынып оқушылары мен ұстаздары осы білім ордасынан зейнетке шыққан ардагер ұстаздарын төл мерекелерімен құттықтап, «Ұстаз – ұлы есім» атты мерекелік кеш ұйымдастырды. Мерекелік шараның құрметті қонақтары ретінде Ж.Құдайбергенов атындағы қарашаңырақта ұзақ жылдар қызмет етіп, қазіргі таңда бейнетінің зейнетін көріп отырған ардагер ұстаздарымыз Аңызбаева Тамара, МошановаТөрехан, Әбенова Рысты, Торғаева Советхан, Серікбаева Гульмира апайларымыз арнайы шақырылды. Өмірінің тең жартысын білім саласына арнаған ардақты ұстаздардың алдында оқушылар өз өнерлерін көрсетіп, көңілдерін бір көтеріп тастады. Оқушылар мен ұстаздар арасында ашық әңгіме алаңы құрылып, ардагер апайлар еңбек еткен жылдарынан есте қалған қызықты оқиғаларымен бөлісті. Зейнетке кетсе де елеп-ескерген мектеп ұжымы мен оқушыларға ардагер ұстаздар алғыстарын айтып, білім ордасына толағай табыстар мен жарқын болашақ тіледі.

Ж.Құдайбергенов атындағы

орта мектебінің бастауыш сынып

мұғалімі Н.Ильясова

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай Алматы облыстық мәслихат депутаттары ардагерге құрмет көрсетті

2025 жылы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығын еліміз ерекше құрметпен атап өтуде. Ос…