Басты бет Көкжиек БАЛА ТӘРБИЕСІ БАСТЫ НАЗАРДА

БАЛА ТӘРБИЕСІ БАСТЫ НАЗАРДА

0
1,308

Елбасының бастамасымен «Балапан» бағдарламасы бірнеше жыл бұрын жұмысын бастап, еліміздің түкпір-түкпірінде жекеменшік балабақшалар бой көтеріп келеді. Соған байланысты аталмыш бағдарламаның ауданымызда жүзеге асып келе жатқандығы баршаңызға мәлім. Жылдан-жылға қарқын алып, кәсіпкер болуға ұмтылыс жасаған азаматтардың саны өспесе сиреген емес. Көбінесе Елбасының қолдауымен тасы өрге домалап келе жатқан «Балапан» бағдарламасына қызығушылық білдірушілердің саны жетерлік.  Бұл бүлдіршіндердің заман талабына сай тәрбие алуы жолында үлес қосқысы келетіндіктерін көрсетеді.


Тасқарасу ауылында алғаш рет жекеменшік балабақша ашылып, ауыл тұрғындарына, бүлдіршіндерге зор қуаныш сыйлады. Конституция күнінің қарсаңында «Маленкая страна» деген атпен ашылған балабақшаға ауыл тұрғындары түгелдей жиналған. Барлығының жүзінен қуаныш, шаттық сезімін бірден аңғаруға болады. Балабақша қожайыны Давутова Халидям «Балапан» бағдарламасы арқылы жұмысын жүзеге асырып, 25 орынды балабақшада 18 адамды жұмыспен қамтыған. Балабақшаның ашылуында ауыл тұрғындарын құттықтап, ақжарма тілегін жолдаған аудан әкімінің орынбасары Дәулетжан Деменбаев мәңгілік елдің бүлдіршіндерін тәрбиелеп отырған тәрбиешілердің жұмысына табыс тілеп, балабақша табалдырығынан аттаған балалар бәсекеге қабілетті, білімді болып өседі деген сенімін білдірді. Ал ауыл ақсақалы Саян Шағалақов балабақша ұжымының еңбектері жемісті, жұмыстары табысты болсын деген тілегін жолдаса, ата-аналар атынан сөз кезегін алған Амирдин Давутов конституция күніне орай ашылған балабақша ауыл тұрғындарына қуаныш сыйлап отырғандығын жеткізіп, келешегінің кемел, болашағының зор болуын тіледі. Ізгі тілектер айтылғаннан кейін «Маленкая страна» балабақшасының лентасы қиылып, шашу шашылды. Заман талабына сай жабдықталған балабақшаның ішін аралаған қонақтар ыстық ықыластарын білдіріп, рақметтерін айтып жатты. Балабақша табалдырығын аттаған бүлдіршіндер тәтті қимылдарымен мың бұрала би билеп, былдырлаған дауыстарымен әсем әндерін айтып, қонақтарға сый жасады.
Мектепке дейінгі тәрбиемен және оқумен баулудың бүгінгі заман талабына сай маңызы зор. Бұл еліміздің өсіп, өркендеу, даму жолында да біршама септігін тигізері сөзсіз. Елбасымыз болашақтың кілті жастардың қолында екендігін айтып, сенімін білдіріп келеді. Ендеше ес біліп, есейе бастаған ұрпақтарымыз ата-ана тәрбиесінен бөлек балабақшаның тәлімін алса, білім мен ғылымға деген ұмтылысы күшеюі әбден мүмкін. Ал олардың арасынан білімді, саналы ұрпақтар өссе, ұлт болашағына алаңдайтын негіз болмас.

Думан
САРТБАЕВ

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚ – ТӘРБИЕ БАСТАУЫ

Ғ.Садвақасов атындағы Үлкен Ақсу орта мектебінің алды мерекелік көрініске бөленіп, гүлге, …