Басты бет Көкжиек ОЛИМПИАДАЛЫҚ 100 ҮЗДІК МЕКТЕПТІҢ ҚАТАРЫНДАМЫЗ

ОЛИМПИАДАЛЫҚ 100 ҮЗДІК МЕКТЕПТІҢ ҚАТАРЫНДАМЫЗ

0
244

2023-2024 оқу жылындағы жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың республикалық олимпиадасының қорытынды кезеңін толық нәтижелеу үшін еліміздің 100 үздік олимпиадалық мектептер рейтингісі жасалды. Үздік олимпиадалық мектеп атану үшін республика бойынша 590 мектеп бақ сынасты. Біздің ауданның Илья Молутов (Бахтия) атындағы №3 орта мектебі осы тізімге кіргеніне бек қуаныштымыз. Аталмыш мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалім Майра Зиналованың шәкірті  Дилинур Юрикова республикалық олимпиадада бірінші дәрежелі дипломға ие болғанын осыдан сәл бұрын жар сала хабарлаған болатынбыз. Сол ақылды оқушы мен ізденімпаз ұстаздың еңбектерінің арқасында 600 ге жуық мектептің ішінде жүздікке кіру үлкен жеңіс. Дилинур қыздың еңбекқорлығы мен оны оқытқан ұстазы Майра Зиналованың табандылығы мектептің мәртебесін көтерді. Өзінің білімімен мектебінің, ауданының атын аспандатқан шәкірт пен ұстазға алғысымыз шексіз. Ұстаз жақсы шәкіртімен мақтанады, соның жеңісті күндерімен шаттанады. Ал шәкірті мектебінің абыройын асқақтатып, білім алған ұясын құрметке бөлейді. Шонжыдағы Илья Молутов (Бахтия) атындағы №3 орта мектебінің директоры мен жалпы ұжымын осындай қуанышты сәттерімен құттықтаймыз. Еткен еңбектің жемісін көріңіздер. Алар асуларыңыз көп болсын. Республика деңгейінде білім ошақтарыңыз жеңіс тұғырынан түспесін.

Баян МАМЫРБАЕВА

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

TOMATIS» БАЛАЛАР ҮШІН

Шонжы ауылында «TOMATIS» сөйлеу тілін дамыту орталығы ашылды. Бүгінде балалар арасында ест…