2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасында өнеркәсіптік және газ қауіпсіздігі саласындағы талаптар күшейтіледі. Бұл туралы ҚР ТЖМ Алматы облысының ТЖД Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасының басшысы баспасөз мәслихатында Ринат Рахимбулеков айтты.
Бұл өзгерістер қауіпті өндірістік нысандардағы оқыс және төтенше жағдайлардың алдын алуға, сондай-ақ адамдардың өмірі мен денсаулығын қорғауға бағытталған.
Заңдағы ең маңызды өзгерістердің бірі – қауіпті өндірістік объектілері бар ұйымдар үшін өндірістік бақылау қызметін құрудың міндетті болуы. Аталған қызмет ұйым басшысына тікелей бағынады және жеке құрылымдық бөлімше ретінде жұмыс істейді. Оның негізгі міндеті – қауіпті өндірістік объектілерде өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының сақталуын бақылау.
Сонымен қатар, 2026 жылдан бастап өндірістік бақылау қызметі еңбек қорғау және қауіпсіздік қызметінен бөлек жұмыс істейді. Бұрын бұл функциялар бір бөлімше шеңберінде атқарылған. Қызметтерді бөлу жауапкершілікті нақты айқындауға және бақылау тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
«Газ саласында да бірқатар маңызды өзгерістер енгізіледі. Бұрын газ тұтыну және газ тарату жүйелеріне техникалық қызмет көрсету жұмыстарын әртүрлі мекемелер атқара алатын. Енді бұл жұмыстарды тек өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында тиісті аттестаты бар ұйымдар ғана жүзеге асыра алады. Бұл талап газ саласындағы авариялар мен төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталған»,-деді спикер.
Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында жедел ықпал ету шаралары да қарастырылған. Егер адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төнсе, мемлекеттік инспекторлар қауіпті өндірістік объектілердің немесе техникалық құрылғылардың жұмысын уақытша тоқтата тұруға құқылы.
Жалпы, тексеру жұмыстары объектілердің қауіп-қатер дәрежесіне байланысты жүргізіледі. Жоғары қауіп-қатер санатына жататын объектілерге мемлекеттік бақылау күшейтіледі.
-
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Алматы облысы бойынша филиалының директоры Бекжунусов Ермек Құралбекұлымен сұхбат
Алматы облысында мемлекеттік қызметтердің 71 пайызы электронды форматта көрсетілді Ағымд… -
Президент Жолдауын жүзеге асыру: су үнемдеу технологиялары суармалы жерлердің 36%-ын қамтиды
Қазақстан халқына Жолдауында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығын тұрақт… -
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ — ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК
Сыбайлас жемқорлық туралы сөз болғанда, көп жағдайда оның салдарына көбірек мән береміз. Қ… -
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕГІ АДАЛДЫҚ — КҮНДЕЛІКТІ ТАҢДАУДАН БАСТАЛАДЫ
Мемлекеттік қызметші болу — тек белгілі бір лауазымды атқару емес. Бұл — мемле…
БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР
Атомные технологии могут создать в Казахстане новые высокотехнологичные отрасли — эксперт
Ядерные реакторы могут использоваться не только для производства электроэнергии, но и в ме…
