Басты бет Әр қилы МЕРЕКЕЛІК ЛЕБІЗ

МЕРЕКЕЛІК ЛЕБІЗ

0
1,174

Біз ынтымағы жарасқан, татулығы берік, достығы бекем мемлекеттің бақытты тұрғындарымыз. Мамыр айының бірінші күнінен бастап айтулы күндерімізді атап өтеміз. Бірлік күні құтты болсын. Ерекше айтар Отан қорғаушылар күнімен барлық ер азаматтарымызды, әрине шекара шебінде, қорғаныс ісінде жүрген ханымдарды шын жүректен құттықтаймын. Еліміздің тыныштығы мен бейбіт тірлігінің сақшылары Отан қорғаушылар күні  сіздерге бейбіт өмір, баянды бақыт, татулық пен береке-бірлік тілеймін.

Дендеріңізге саулық, қажымас қайрат, мықты ерік-жігер, таусылмас бақыт тілеймін! Отбасыларыңыздың қорғаны, ата-аналарыңыздың үмітін ақтар азамат болуларыңызға тілектеспін! 9 мамыр Жеңіс мерекесінің орны өзгеше. Бұл күн аталарымыздың батырлығы мен ерлігін паш ететін, олардың өмір жолдарын өнеге тұтатын айрықша күн. Сондықтан айтулы күндермен барша аудан жұртшылығын шын жүректен құттықтаймын. Егеменді еліміздің бабалар аманаттаған жерін қорғап, отын сөндірмей, баға жетпес байлығымыз Отанымыздың одан әрі гүлдене түсуіне жұмылып жұдырық болып, татулығымыз бен бірлігімізді паш етелік.

Гүлжаһан ӘЛИКЕЕВА,

аудандық аналар кеңесінің төрағасы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

УНИҢ ҺАЯТИ ӘМГӘК БИЛӘН ЖУҒИРИЛҒАН

Кеңәш дәвридики өтмүшни әскә алидиған болсақ, түрлүк иш қойнида әмгәк әткән инсанларниң қи…