Басты бет Қазақ елі ОТАНҒА ҚЫЗМЕТ – ОРТАҚ ПАРЫЗ

ОТАНҒА ҚЫЗМЕТ – ОРТАҚ ПАРЫЗ

0
452

Отанды сүю – отбасына, туып өскен ортаға, туған топырағы мен табиғатына деген құрметтен басталады. Өз елін сүйіп, оның мұңын мұңдап, жоғын жоқтайтын азамат қана Отаншыл болады. Ал саналы тіршілік иесі үшін өмірдің ең ардағы Отан десек, оны күзетіп, абыроймен қорғау – адамдық парыздың басты міндеттері болып табылады.

Халқымыз болашағын ойлаған және ұрпақ тәрбиесіне зор мән берген. Бұл қазіргі таңда ауданымызда орналасқан Райымбек ауданы бойынша шекара басқармасында нәзік жанды қыздар да Отан алдындағы борышын ер азаматтармен бірге өтеп жүр. Айтайын дегенім Шекара қызметінде 20 жылдан аса қызмет етіп зейнет демалысына шыққалы отырған сержант Жұмақожаева Майра Мұстафақызы жайлы.

Нарынқол ауданының Қызылшекара ауылында дүниеге келген кішкентай қыз Майра шекарашылардың өміріне қызығатын. Әскери қызметші болуды армандайтын. Тағдыры әскери қызметші Нұрланға тұрмысқа шығуды бұйырып, Отан алдында қосағымен бірге қызмет етуді жазыпты. Жолдасы Нұрлан Отанына адал қызмет етіп 5 жыл бұрын құрметті демалысына шыққан елдің сыйлы азаматы. Зейнет демалысында болса да, жұбайы Нұрлан «Застава тарландары»  шекаралық ардагерлік республикалық қоғамдық бірлестігінің белсенді мүшесі, үнемі жасөспірімдер мен балалардың патриоттық рухта тәрбиеленуіне атсалысып,  аудандық спорт шараларына белсене қатысады. Осы орайда Майра да жұбайын сенімді тыл ретінде қолдап, үнемі өз тарапынан демеу көрсетіп отырады. Қызығы мен қиыншылығы қатар жүретін шекара тыныс-тіршілігін ерлі-зайыптылар бір-біріне қолдау көрсетіп, бірге қол ұстасып жүре еңсерді. Майра мен Нұрланның отбасылық жарасымдылығы мен жұмыстағы жауапкершіліктерін, айналасындағы адамдарға жасаған жақсылықтарын бірге істеген құрбы-құрдастары, достары, ұжымдастары қатты қадірлейміз. Жауынгерлік досымыз Майраны зейнеткерлік жасқа жеткен күнімен құттықтаймыз. «Көп жасағаннан емес, көпті көргеннен сұра» демекші жас болса да зейнеткерлік демалысқа шығып отырған Майраның атқарар ісі әлі алда. «Зейнеткермін», – деп бос жатпай қоғамға араласып ұрпақ тәрбиелеуге бар күшін салып, алар асулары көп деп сенеміз. Нұрлан мен Майраға Райымбек ауданы бойынша шекара басқармасы ұжымының атынан зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, бала-шағасының қызығын көріп немере-шөбере тәрбиелеп, бақытты ғұмыр кешулеріне тілектеспіз.

Раушан ДЖАНАБАЕВА,

сержант

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

ОТАНҒА ҚЫЗМЕТ – ЕРГЕ МІНДЕТ

Ел арасында қазір баласын әскерге жіберуге қорқатындар саны артқан. Бойларын үрей билеген.…