Басты бет Заң және қоғам Жемқорлыққа тыйым салудың жолдары

Жемқорлыққа тыйым салудың жолдары

0
1,120

Аудан әкімдігінің мәжіліс залында мемлекеттік қызметкерлер бас қосқан жиын өтті. Оның жұмысына  Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің   (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Алматы облысы бойынша департаментінің арнайы тапсырмасымен «Әділдік жолы» республикалық қоғамдық бірлестігі филиалының өкілдері қатысты. «Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу» тақырыбы бойынша өткендіктен біздің ауданның да мемлекеттік қызметкерлері қатысты. Жиын тізгінін қолына алған «Әділдік жолы» қоғамдық бірлестігінің директоры Дәулет Қалдығужин жалпы семинардың мақсатымен таныстырды.  Оңай олжаға ие болам немесе тез байи қоям деген ниеттегі адамдардың санасына серпіліс беріп, жемқорлықтың аяғы жақсылыққа апармайтындығын түсіндірді. Жай ғана сөзбен емес арнайы әзірлеп келген бейнероликтерін де ұсынды. Онда әртүрлі жағдайда қолдарына кісен салынған лауазымды тұлғалардың аянышты күйлері бейнеленген. Әрине мемлекетке қызмет етем деп келген кейбір лауазымды тұлғалардың алтынды көргенде жолдан тайған періштенің күйіне түскен сәттерін көру өте ауыр әрі жиіркенішті. Республика көлемінде осындай оқиғалардан жинақталып жасалған бейнебаян кез келген адамның жүрегіне салмақ салары анық.

«Әділдік жолы» қоғамдық бірлестігінің негізгі міндеті – ҚР Президентінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын жүзеге асыру, осы бағыттағы қабылданып жатқан шаралардың тиімділігін арттыруға көмек көрсету, тәртіп сақтау идеологиясын алға ұсыну, аталған ауқымдағы құқықбұзушылықтарды жасауға жол ашатын себептер мен алғышарттарды жоюға қатысты жұмыстар атқару. Сыбайлас жемқорлық біздің моральдық негіздерімізге кері әсерін тигізіп, әлеуметтік әділеттілігімізге нұқсан келтіретін және еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуын тежейтін қоғам дерті.

Семинар барысында,  сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қабылданатын шаралардың тиімділігін арттыруға, парасаттылық идеологиясын ілгерілету, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жоюға бағытталған іс-қимылдарды әзірлеу және іске асыру талқыланды. Сонымен қатар алда-жалда біреулердің пасық әрекетінен пара алған боп немесе басқалай сыбайластыққа қатысты әрекеттер қолдан ұйымдастырылған сәттер болып жатса, онда ондай азаматтарды ақтауға да шамалары келетіндігін түсіндірген Дәулет Қалдығужин әр қазақстандықтың өз ісіне адал болуын сұрады. Азаматтарды еліміздің әл-ауқатын көтеріп, елімізді гүлдендіру мақсатында сыбайлас жемқорлықпен бірге күресуге шақырды. Семинар діттеген мақсатына жетті. Ендігі тілек қоғамымызда таза адамдардың көбеюі.

Абайбек МЫСАҚҰЛ,

Ұйғыр ауданы әкімі аппаратының

ұйымдастыру, мемлекеттік-құқықтық

бөлімінің бас маман-заңгері

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ

Сыбайлас жемқорлық – заман ағысымен бірге өсіп-өркендеп, мол қаражат және қоғамдық бәсекел…