Тәуелсіздік! Еркіндікті бағалайтын мына дүниеде бұдан асқан қымбат сөз бар ма екен?! Жоқ. Бабаларымыз аңсаған бұл тәуелсіздіктің қадірін біз түсінуіміз керек. Тәуелсіздік барша қазақстандықтардың аса қасиетті құндылығы, байлығы. Осы тәуелсіздікке қол жеткізу үшін қаншама боздақтардың қаны төгілді. Біз сол төгілген қанды бағалауымыз керек.
Бүгінгі күні тәуелсіздігімізді алғанымызға 30 жыл. Қаншама ғасырларды алып құшақтаған тарих қойнау талай үлкен мемлекеттердің тәуелсіздігін көрген. Біз үшін тәуелсіздігіміз қымбат. Неге қымбат десеңіз, мемлекетіміздің сөнген отын жаққаны үшін, ата-бабамыздың арманы орындалып, халықтың рухын көтергені үшін, елімізді әлемге танытқаны үшін, ҚАЗАҚ деген атауға жан бітіргені үшін бізге қымбат.
Көк туымыз көгімізде желбірей берсін! Тәуелсіздігіміз тұғырлы болып,еліміз гүлдеп көркейе берсін!
Нұрсила БАҒЛАНҚЫЗЫ,
Шырын орта мектебінің 9 сынып оқушысы