Осыдан 30 жыл бұрын Қазақстан өз тәуелсіздігін жария етті. Сол сәттегі қуанышты, бақытты ешбір адам жадынан шығара қойған жоқ. Кез келгеннің маңдайына бітпеген, кез келгеннің уысына түспеген мұндай жақсылық қазақтың бағына берілді. Жайдан-жай емес, ғасырлар бойы бабалар арманымен, аталар батасымен келді бұл күн. Ата-бабамыз ғасырлар бойы армандап өткен тәуелсіз ел болу мәртебесін көру – бүгінгі ұрпаққа бұйырған зор бақыт. Осы қуанышымыз құтты, бақытымыз баянды болсын. Жаңа ғасырда қайта түлеген, жасарып, түрленген еліміздің тәуелсіздігі тұғырлы болғай!
Бұл күн – ата-бабамыз аңсаған арманның жүзеге асқан, елімізге еркіндік сыйлаған Ұлы күн. Осындай маңызы бар тарихи думанда еліміздің туы асқақтап, келешегі көркейе берсін. Сіздерге мықты денсаулық, отбасыларыңызға бақыт, сәтті күндер, зор жетістіктер тілеймін.
Жәнет КЕРІМҚҰЛОВ,
аудандық «Ұрпақ парызы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы
***
Құрметті аудан тұрғындары Сіздерді ұлық мереке – Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын! Ынтымақты ұран, татулықты ту еткен бейбіт халқымыз осы уақыт аралығында толағай табыстарға жетті. Мемлекетіміздің қарқынды дамуы тұрақты саясат пен ішкі бірліктің арқасы. Рухы биік, намысы берік бабаларымыздың ғасырлар бойғы асыл мұраты – азаттықты аялау, тағдыры ортақ тұтас халқымыздың татулығын сақтау еді. Сол мұратқа біз жеттік. Бірлігіміз бекем, тірлігіміз тиянақты болсын! Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік болғай! Қазағымның саны артып, мәңгілік елдің бақытты тұрғындары көбейсін. Біз қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заманда өмір сүріп отырмыз. Бейбітшілік пен тыныштық, береке мен бірлік ұранымызға айналып, өркениетті мемлекеттер қатарынан ойып тұрып лайықты орнымызды алдық. Ендігі мақсат соның мәңгілік болуы. Тәуелсіздік күні құтты болсын!
Гүлзат ОРЫНБАЕВА,
аудандық мәслихаттың депутаты
***
Көк байрағы желбіреген, бүгінгідей абыройлы да айбынды, беделді де берекелі, ынтымағы мен бірлігі жарасқан еліміздің тәуелсіздігі баянды болғай. Дәулетіміз шалқып, береке-бірлігіміз жараса берсін!
Барша аудан халқын республикамыздың әр азаматы үшін айтулы – Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын! Еліміздің жалынды жастары бастарын бәйгеге тігіп, бодандық құрсауынан шығуға ұмтылған қыршын ерліктері бүгінгі Тәуелсіз Еліміздің жарқын істерімен жалғасын табуда. Бостандық пен еркіндіктің бастауы болып табылатын осы салтанатты күні Сізге игілік пен бақыт, бақ-дәулет, ырыс тілеймін. Қазақстанның тұрақты дамуы мен кемелденуі жолындағы еңбектеріңіз табысты, барлық бастамаларыңыз сәтті болсын! Ұлттың саулығы оның азаматтарының саулығымен өлшенеді. Ал ол дене тәрбиесі мен спортпен тығыз байланысты. Сондықтан барлықтарыңызға мықты денсаулық тілеймін.
Жиһангер МӘЖИТОВ,
аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры
***
Құны мен қасиеті биік мерекелер болады. Ал тәуелсіздік – солардың ішіндегі ең құндысы. Биыл тәу етер күнімізге 30 жыл толып отыр. Отыз жас – орда бұзар, ақыл тоқтатар кезең. Осы жылдар ішінде еліміз көптеген жақсылықтарға қол жеткізді. Мемлекетіміздің еңсесі көтеріле түсті, абыройы асқақтады. Қолы қимылдағанның аузы қимылдаған жаймашуақ күн туды. Ал осындай мамыражай заманға келу үшін бабаларымыздың қаны төгілгендігін, асылдың тұқымдарының бордай тозғандығын тарих айғақтап берді. Тәуелсіздік мерекесімен ауданның барлық тұрғындарын, оның ішінде білім саласының қызметкерлерін, осы саладан зейнетке шыққан ардагер ұстаздарды шын жүрегіммен құттықтаймын. Халқымыздың ғасырлар бойы аңсаған Тәуелсіздігіне ие болғанымызға биыл 30 жыл толып отыр. Осындай мерейлі шақта еліміздің гүлденіп-көркеюі жолында аянбай еңбек етіп жүрген ұстаздар қауымын, әріптестерімді, жалпы аудан жұртшылығын Ұлттық мерекемен құттықтап, денсаулықтарыңыз мықты, еңбектеріңіз табысты болсын деп тілеймін.
Кәрібай ҚОЖАҒҰЛ,
Алматы облысы білім беру мекемелері қызметкерлерінің кәсіподағы қоғамдық бірлестігінің аудандық комитет филиалының төрағасы
***
Мустәқиллик… Бу сөзниң аңлинишиму, ейтилишиму шунчелик йеқимлиқ. Буниңдин 30 жил илгири бепаян қазақ даласида мустәқилликниң теңи атти. Азатлиқниң наваси яңрап, әркинликниң туғи тикилди. Көптин күткән арман орунлинип, мусибәт күнләр кәлмәскә кәтти. Көзләрдин қайғуниң әмәс, хошаллиқниң йеши аққан бу күн тарихқа алтун һәрипләр билән йезилди. Мана шу унтулмас күн – 16-декабрь еди.
Президентимиз ейтқандәк, биз бирлигимизниң арқисида мустәқиллигимизни күчәйтип, хәлқимизниң әһвалини яхшилашқа йол ачтуқ. Тарихимиз, бүгүнимиз һәм келәчигимизму – бирликниң тописида томур тартиду. Мустәқил Қазақстанда 130дин ошуқ милләт вәкиллири шат-шадиман һаят кәчүрүп келиватиду. Шундақ бәхитлик милләтләрниң бири – биз уйғурлар. Елимиздә өзгә милләтләр қатарлиқ бизгиму нурғунлиған мүмкинчиликләр яритилған. Ана тиллиқ мәктәплиримиз, гезит-журналлиримиз, театримиз вә уйғурлар көп олтирақлашқан йәрдә яшаватқан тәвәләрдики этномәдәнийәт мәркәзлиримиз сөзүмгә асас болалайду. Җүмлидин, ҖЭУМниң Уйғур наһийәлик шөбиси намидин наһийәмиз турғунлирини Мустәқиллигимизниң 30 жиллиқ тойи билән тәбрикләп, бирлигимиз бузулмисун, Мустәқиллигимиз мәңгүлүк болсун демәкчимән!
Арлен ҺОСМАНОВ,
наһийәлик уйғур этномәдәнийәт мәркизиниң рәиси
***
Һәр жили 16-декбрьда елимиздә Мустәқиллик күни атап өтүлиду. Елимизниң әсирләр бойи арман қилған Мустәқилликкә егә болғиниға бийил 30 жил толуватиду. Ушбу оттуз жилда елимиз нурғунлиған синақлардин сүрүнмәй өтти. Заман билән тәң йеңилинип, тәрәққий етип пүткүл аләмни өзигә қаратти. Бүгүнки утуқлиримиз – Елбасы-Тунҗа Президентимиз Нурсултан Әбишоғли Назарбаевниң дана сәяситиниң вә бирлиги ярашқан қазақстанлиқларниң бир йәңдин қол, бир яқидин баш чиқирип қилған бебаһа әмгигиниң йемиши дәп ойлаймән.
Мустәқилликниң дәсләпки жиллири хәлиқ көплигән қийинчилиқларға дуч кәлди. Бирақ башчимизниң парасити билән биз барлиқ қийинчилиқларни кәйнимиздә қалдурдуқ. Бир аилиниң пәрзәнтлиридәк бир чаңирақ астиға җәм болған йүз оттуздин ошуқ хәлиқ Қазақстанниң парлақ келәчиги үчүн аянмай әмгәк қилди. Қазақстанлиқлар барлиқ қийинчилиқларни йеңип, аләмлик сәһнигә көтирилди. Бүгүнки утуқлиримизда һәр қазақстанлиқниң үлүши бар. Мәйримимиз мубарәк болсун, вәтәндашлар! Асминимиз очуқ, елимиз аман болсун! Елимизниң келәчиги үчүн төккән тәримиз ақлинип, йеримиз гүллинип, мәйрәмдин мәйрәмгә йетиверәйли!
Һетахун БАКРИЕВ,
наһийәлик имканийити чәкләнгән
җанлар җәмийитиниң рәиси