Аудан әкімі 60 отбасыға жаңа пәтердің кілтін табыс етті. Жаңа қоныстанушылар арасында көп балалы аналар, мүгедектер, толық емес отбасылар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар бар.
Балпық би көшесіндегі жаңа бес қабатты тұрғын үй «Нұрлы жер»мемлекеттік бағдарламасы бойынша салынды.
– Бұл үйді біз «Нұрлы жер»мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында тапсырамыз. Біздің міндетіміз — халықты қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету. Жаңа пәтер иелеріне шаңырақтарына жайлылық пен жылулық тілеймін. Соңғы жылдары тұрғын үй құрылысының қарқыны артты, бұл жұмыстар жалғасатын болады- дейді Алмас Әділ.
Менің бақытымда шек жоқ. Қолдау жасаған үшін мемлекетке рахмет. Баршаңызды мерекемен құттықтаймын, — деді Анар Князбекова.
Тәуелсіздіктің соңғы отыз жылында Көксу ауданында 105 мың шаршы метр тұрғын үй салынып, мыңнан астам азамат тұрғын үй жағдайын жақсартты.