Басты бет Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі Ақсу ауданында 30 жанұя қоныс тойын тойлады

Ақсу ауданында 30 жанұя қоныс тойын тойлады

0
406

Қасиетті елдің қастері азаттықтың ақ таңын көргеніне 30 жыл толуда. Ұл даланы дүбірге бөлеген бұл мерекенің орны ерек. Бабалар аңсаған еркіндікке қол жеткізген Қазақстанның әр қиыры күн сайын кереге жайып, даму үстінде. Оның дәлелі, арынды Ақсу жеріндегі 30 жылдыққа 30 жеке тұрғын үйдің баспанаға мұқтаж отбасыларға табысталуы.
Жалпы құны-503,913 млн.теңге болатын бұл үйлер, тұрғын үй кезегінде тұрғандарға ұзақ мерзімге жалға алу құқығымен беріліп отыр.
Дегенмен, бұл да зор қуаныш. Пәтерден-пәтерге көшкен жанның жанына бір демеу.
Баспананың кілтін, аудан әкімі Есім Базарханов табыстады.
Ол өзінің құттықтау сөзінде бұның бәрі Тәуелсіздіңтің тәтті жемісі әрі тұрғындардың қамы үшін жасалынып жатқан игі іс деді.
Міне, бүгін мерейлі мерекенің құрметіне 30 жеке тұрғын үйдің кілтін табыстамақпыз. Өңірде тұрғындарды баспанамен қамтамасыз ету мәселесі ерекше назарда.​ Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған  «Нұрлы жер» бағдарламасы Ақсу ауданында да ойдағыдай жүзеге асырылуда. Мұның бәрі тұрғындардың мүддесі үшін. Бұл бағытта ауданда қыруар шаруа атқарылды. Бүгін бірнеше жылдан бері кезекте тұрған жерлестеріміз баспаналы болып, тұрмыс жағдайын жақсартып, үлкен қуанышқа бөленуде.  Қоныс тойларыңыз құтты болсын. Тәуелсіздігіміз тұғырлы, бірлігіміз бекем болғай!»,-деді Есім Базарханов.
Ақ түйенің қарны жарылған күні, аудан бойынша, 3 жетім бала, 6 көпбалалы ана, 3 апатты жағдайдағы үй иелері, 6 бюджет қызметкерлері мен 12 халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары көптен қоныс тойын тойлады.
Солардың бірі көп балалы ана Айткалиева Динара.
«Тәуелсіздік күні қарсаңында осындай үйлі болып отырмын. Қуанышымда шек жоқ. Президентімізге, облыс және аудан басшылығына алғысым шексіз. Енді өз үйіміз есебінде емін-еркін жүретін болдық. Қазіргі сезімімді сөзбен айтып жеткізе алмаймын»,- дейді көп балалы ана.

Айта кетейік, тұрғын үйлерге Инженерлік және коммуникациялық желілерде тартылып, аумағы абаттандырылған. Бұл жұмыстарға жалпы сомасы-287,246 млн.теңгені құрайды. Баспанаң бабын келістіріп, құрылыс жұмыстарын соңына дейін жеткізген мердігер компания-«Нұр-Құрылыс болашақ» ЖШС.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

МУСТӘҚИЛЛИК ПАРАВӘНЛИГИМИЗНИҢ АСАСИ

Әтә елимиз Қазақстан хәлқиниң «Жумһурийәт мәйрими» күни нишанлиниду. Мәзкүр сәрләвһә әтрап…