Басты бет Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі Басымызға қонған бағымызға шүкір

Басымызға қонған бағымызға шүкір

0
761

Егемендік алған күнімізді ерекше ардақтап, айрықша қастерлеуіміз керек. Ата-баба арманына айналған ұлы қайраткерлеріміз осы жолда өмірлерін қиды, жандарын жаһаннамға жіберді. Қазақтың маңдайына қиыншылықтар арқылы орнаған бақ күнді ұлықтауымыз қажет деп ойлаймын.Тәуелсіздіктің қадірін біліп, азаттықты бағалай алу үшін ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу керек. Ал бойында отанына, елі мен жеріне деген махаббаты бар азамат сол мемлекеттің өсіп-өркендеуіне үлес қосары сөзсіз. Ол адам бостандықтың, еркіндіктің қадір-қасиетін, тәуелсіздіктің қаншалықты қымбат екендігін түсінеді деп ойлаймын.

Тәуелсіздік – тарихтың сыйы немесе бүгінгі буынның меншігі емес. Ол – өткен бабалардың алдындағы қасиетті борыш және келешек ұрпақтың алдындағы зор жауапкершілік. Ә.Кекілбаевша айтсақ, «Мынау өліп-талып келген тәуелсіздікті ақымақ иттің алдына қойған ас сияқты төгіп алатын болсақ, ертең біздің күніміздің не болатыны әлі белгісіз». Не деген аталы сөз, ауыр сөз. Сондықтан басымызға қонған бақты бағалау, қастерлеу бізге міндет. Тағы да Әбіш атама жүгінейін «Бағалағанға бақ қонады, қуанғанда құт қонады» деген-ді. Осындай сөзді ұрпағының құлағына құйған қазақ – Ұлы деп айтамын.

Тәуелсіздік – ата-бабаның сан ғасыр арман етіп, бейбіт күнге жету жолында жанын қиып жеткен күн. Бұл күн кеудесінде намысы бар әр қазақтың тәу етер, тәубе етер күні. Ұлы Даланың ұландары білімді болуы керек. Ұлттың ұлы үміті жастар болғандықтан саналы, білімді де белсенді, жігері мен намысы бар жастар тұрғанда еліміздің еңсесі ешқашан да төмендемек емес.

Айжан ТЕМІРХАНОВА,

Абай атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

МУСТӘҚИЛЛИК ПАРАВӘНЛИГИМИЗНИҢ АСАСИ

Әтә елимиз Қазақстан хәлқиниң «Жумһурийәт мәйрими» күни нишанлиниду. Мәзкүр сәрләвһә әтрап…