Игілігі мол игі іс

0
960

Жақсылық айналадағыларға қуаныш сыйлауға ұмтылдыратын, қоғамды адамгершілікке үндейтін қасиет. Қайырымдылық – адамгершіліктің басты белгілерінің бірі. Бүгінгі Тәуелсіздік таңында, еркіндіктің айдарлы шағында ауданымыздың көптеген аймақтарында қайырымдылық іс-шаралары атқарылуда. Себебі жанашырлықтың қасиеті қанына сіңген еркін әрі тәуелсіз елдің азаматтары өз қаржыларынан ерікті түрде елге көмек беруде.

    Бүгінгі қоғамда талай қайырымдылық қорлары жұмыс жасап, біраз мұқтаж жандар өз көмектерін алып, сәл де болсын бақытқа кенеліп жатқаны өте қуантарлық жайт екенін мойындауымыз қажет. Бүгінгі күні біраз істі тындырып, ел алғысына бөленіп жатқан  Шарын ауылының азаматтарының жақсылыққа бағытталған игі істеріне тоқталып өтсек артық етпес. Әрбір адам баласы бақытты болуға, бақытты өмір сүруге құқылы. Осы принципті өз істерінің басты бағытына айналдырған ауыл азаматтарының жұмысын көпке таныстырып, айтуды жөн деп білемін. Барша адамзат бір Адам атадан тарағаны бәрімізге мәлім. Осы тұрғыда ислам дінінде де әрбір мұсылман баласы бір-біріне бауыр деген қағидасы бекер емес. Адамның шығу тегі бір болғандықтан олардың арасында өзара жақсылық жасаулары да адами үйлесімділікті айғақтай түседі. Кез келген игі істерді жүзеге асыруда адамдар арасында дінге, тілге, нәсілге, ұлтқа бөлінбейтіндігін ұмытпаған жөн. Адамзаттың ұстазы болған Мұхаммед с.а.у. пайғамбардың өзі: «Адамдардың ең қайырлысы – ол өзгеге пайдасы тигені», – деген.

Ауылымыздың қалталы азаматтары Нурдунов Бахтахунға қаржы жинап, үй тұрғызып беруде,  сонымен қатар, көп балалы ана Дүйсекова Бибігүлге қолайлы тұрғын үй сатып алып берді. Көп балалы, жалғыз басты, тұрмыс деңгейі төмен жиырма отбасына қыс айында екі тоннадан көмір таратылды. Мүмкіндігі шектеулі қырық отбасын азық-түлікпен қамтамасыз етіп отырды.  2020 жылы ауыл азаматтары спорт кешенін салып бастаған, биылғы жыл ішінде түбегейлі жұмыс атқарып, пайдалануға беруді көздеп отырмыз. Тағы бір айта кететін жайт, кәсіпкер Идрисов Муслим өз қаржысына ауылымызға мешіт құрылысын жүргізуде, құрылыс жұмыстары болса аяқталуға таяу қалды. Мешітпен қатар ауыл азаматтары, жас ұрпақтардың және де келешек жастарының дін жағынан сауатын ашу тұрғысында медресе салуда.

Таяуда болған қуаңшылықтың салдарынан зардап шеккен Маңғыстау облысына Шарын ауылынан көмек ретінде 1100 прес шөп жіберілді. Осы істерді атқарып жатқан белсенді азаматтарға жұртымыз алғыстарын білдіруде.

Жоғарыда айтылғандар кереметтей жомарттық болмаса да, шама-шарқынша қайырымдылыққа бет бұрып жататын ауыл азаматтарының игі іс-әрекеті. Әйтеке Би: «Бақыт – деген құс, тақ – деген түс, байлық – деген мұз. Мәңгілік қалатын қайырымды адал іс», – депті. Тіршілікте тірі жүрген кісінің жамандықтан бұрын жақсылық жасауды ғана ойлап, ұрлық-қарлық емес, қолынан келгенше қоғамға пайда келтіргенінен асқан бақыт жоқ. Кез келген уақытта жасалған көмек, пайдалы іс адамның рухын да көтеретіндігі әрі жан тазалығын сыйлайтыны да ақиқат. «Жомарт жүрекке иман қонар, жомарт қолға аспандағы лашын қонар» жомарттың әрқашанда жолы болары сөзсіз. Азат елдің ұландары ретінде бір-бірімізге деген мейірімімізді азайтпай, бірлігімізді бекемдеп тіршілік жасасақ, нұр үстіне нұр болар еді.

Болат АЛҒАЗИЕВ,

 Шарын ауылдық округінің әкімі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

МУСТӘҚИЛЛИК ПАРАВӘНЛИГИМИЗНИҢ АСАСИ

Әтә елимиз Қазақстан хәлқиниң «Жумһурийәт мәйрими» күни нишанлиниду. Мәзкүр сәрләвһә әтрап…