2020 жылдың 17
ақпанында Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің орынбасары қаулыға қол қойды.
Оған сәйкес, ақпанның 20 бастап, Қытайдан келген Қазақстан азаматтары
ауруханада оқшауланып, 14 күнге карантинге жіберіледі. Содан соң, тағы 10 күн
тұрғылықты мекен-жайы бойынша ақ халаттылардың қатаң бақылауында болмақ.
Тексеру кезінде ауру белгілері байқалған науқастар бірден инфекциялық
ауруханаға жатқызылып, 14 күн бойы бөлек бөлмеде оқшауланады. Қазір біздің
елдің шекара маңындағы саудагерлері, жүк көлік жүргізушілері, қайықшылар
Қазақстанға оралуға ниетті. Олар елге қайтып оралғанда, қауіпсіздігін
барынша қамтамасыз етуіміз тиіс.
Сондықтан, құрметті тұрғындар! Қытай аумағына өтпес бұрын, елге оралғанда
денсаулық жағдайыңызға қарамастан, 14 күн ауруханаға жатқызылып, медициналық
бақылауда болатыңызды ұмытпаңыз. Ал, көліктер міндетті түрде
залалсыздандырылады. Айта кету керек, Алматы облысында індетке қарсы күрес
шаралары мықтап қолға алынған. Қытай аумағына жақын Алакөл, Ұйғыр, Панфилов
аудандарында коронавирустық инфекция анықталған жоқ. Сондықтан, алаңдауға еш
себеп жоқ.
-
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Алматы облысы бойынша филиалының директоры Бекжунусов Ермек Құралбекұлымен сұхбат
Алматы облысында мемлекеттік қызметтердің 71 пайызы электронды форматта көрсетілді Ағымд… -
Алматы облысы: ауылдық округ әкімдерінің жұмысына жаңа серпін беріледі
Алматы облысында ауылдық округтер әкімдерінің бірінші форумы өтті. Шара жергілікті билік ө… -
Алматы облысында ауыл әкімдерінің алғашқы форумы өтті
Іс-шара «AMANAT» партиясының бастамасымен ұйымдастырылды. Форумға Алматы облысының әкімі М… -
Алматы облысы: «109» бірыңғай байланыс орталығы 12 мыңнан астам өтініш қабылдады
Коммуналдық қызметтерге қатысты өтінімдер мен шағымдарды енді «109» бірыңғай байланыс орта…
БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР
ШТАБ МҮШЕЛЕРІ ҰСТАЗДАРМЕН ЖҮЗДЕСТІ
Халықтық штаб мүшелері Тасқарасу орта мектепте болып, мекеменің ұжымымен кездесті. Бұл ба…