Басты бет Саясат Болашақ баршамыздың қолымызда

Болашақ баршамыздың қолымызда

0
1,523

Бірлігіміз бекем, татулығымыз тұрақты, Тәуелсіздігіміз тұғырлы мемлекет екендігімізді барша әлемге мойындаттық. Бұл сонау тәуелсіздік алған жылдардан бастап көшті ілгері сүйреген, қажырлы еңбек етіп, қазақстандықтардың жағдайын жақсартуда дара жол ашып, бағдарымыз бен бағытымызды, мақсатымыз бен міндетімізді айқындаған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың салиқалы саясатының негізінде болды десек қателеспейміз. Мемлекет басына Қасым-Жомарт Тоқаев келгенде де Елбасымыздың ерен еңбегін ерекше бағалағандығы да белгілі.

Бүгін Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнап үндеу жариялады. Мұнда осы жылдың маусым айының тоғызыншы жұлдызында елімізде Президент сайлауы мерзімінен бұрын өтетіндігі айтылды. Бұл еліміздің ертеңі үшін алаңдайтын, тарих бетінде өшпес із қалатын тағдырлы шешімдердің бірі болмақ. Мемлекет басшысы өз сөзінде «Біз Елбасының сара жолымен жүреміз. Халқымыз – біртұтас. Тәуелсіздігіміздің ең жоғары құндылығы ретінде мемлекетіміздің іргесі мығым. Алдағы Президент сайлауы осыған дәлел болуы керек» дегенді айтты. Шындығында алда атқаратын істерімізді, мақсаттарымызды айқындаған Елбасының болашаққа аса назар аударғандығы мәлім. Демек ендігі уақытта мемлекет басына келетін басшының да халықты алға бастаудағы бағыты айқын деген сөз. Ол үшін сайлауға баршамыз белсенділік танытып, бір кісідей атсалысуымыз қажет. Еліміздің болашағы барша халықтың қолында екендігін ұмытпайық.

Шолпан ЖАНБАЕВА,

Көп балалы ана

 

Бөлісу:

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

БАСҚА ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы облысы: ауылдық округ әкімдерінің жұмысына жаңа серпін беріледі

Алматы облысында ауылдық округтер әкімдерінің бірінші форумы өтті. Шара жергілікті билік ө…